Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына стенд атудан алғашқы жүлделер түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Скит бағдарламасында әйелдер арасында тәжірибелі Анастасия Молчанова үшінші орын алды. Ұлттық құрама команданың спортшысы финалда 45 ұпай жинады. Финалдың нәтижесі: Цзян Ютин (Қытай) — 57 ұпай Че Юфэй (Қытай) — 56 ұпай Анастасия Молчанова ...
Read More »Monthly Archives: тамыз 2025
Silk Road to Tokyo: Қазақстан жеңіл атлеттері төрт алтын жүлде алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze халықаралық турнирінде төрт рет еліміздің әнұранын ойнатып, туын жебіретті. Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) мен Артур Гафнер (найза лақтыру) турнирдің жеңімпазы атанса, әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан мен Ирина Конищева және аралас 4×400 метрлік эстафетада Алмат Төлебаев, ...
Read More »Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының жалпы тізімі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев қыркүйек айында болатын Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 37 ойыншы енді. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек ...
Read More »Еркін күрестен U20 ӘЧ: Камиль Куруглиев — күміс жүлдегер!
Камиль Куруглиев еркін күрестен Болгарияның Самоковта қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шығып, күміс жүлдегер атанды. Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстанның балуаны Шерзод Поеновпен күресті. Тартысты белдесуде Поенов 3:2 есебімен жеңді. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) әлем чемпионы атанса, Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 ...
Read More »Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан қоржынында бір алтын, екі қола жүлде!
Еркін күрес балуандары әлем чемпионатында бір алтын, бір қола жүлде алды. Осы күндері Болгарияның Самоков қаласында еркін күрестен әлем чемпионаты болып жатыр. Күні кеше басталған дүрмекті додада еркін күрес шебері Едіге Қасымбек U20 санатында әлем чемпионы атанды. Ол финалда Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді. Ал, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) пен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола ...
Read More »Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында екі медаль алды
Слаломды есуден Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Александр Коробов пен Екатерина Таранцева «байдарка-кросс» сынында көзге түсті. Коробов екінші орын алса, Таранцева қола жүлдегер атанды. Бұған дейін Таранцева «байдарка жалғыз» жарысында күміс медаль алған болатын. Ал Александр Куликов пен Анастасия Ананьева «каное жалғыз» сайысында қола жүлде иеленген еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА ...
Read More »Тимофей Скатов челленджер турнирінде топ жарды
Әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен челленджер турнирінде топ жарды. Ол финалда әлемнің 233-ракеткасы, италиялық Стефано Травальямен ойнап, – 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші партияда Скатов 3:0 есебімен алға шыққан еді. Бірақ Травалья тез арада таразы басын теңестіре алды. Дегенмен Тимофей Скатов тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды. Екінші сетте италиялық спортшы 6:0 есебімен жеңді. Ал шешуші ...
Read More »Бадминтон: Қазақстан құрамасы Африкада қола жүлдені иеленді
Бадминтоннан Қазақстан құрамасының өкілдері Дмитрий Панарин мен Мақсұт Тәжібуллаев Гананың Аккра қаласында өткен JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде қола медаль жеңіп алды. Олар ерлер арасындағы жұптық сайыста үшінші орынды иеленді. Спортшылар турнирдің ½ финалына дейін жетіп, үнді Абинаш Моханти мен Аюш Паттанаяктан жеңіліп, қола жүлдегер атанды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Ақжүрек Таңатаров — Алматы облысы дене шынықтыру спорт басқармасының басшысы!
Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі. Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған үміткер қаралды. Онда еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасы жан-жақты талқыланды. Соның нәтижесінде оған комиссия мүшелері келісім берді, — делінген хабарламада. Қазіргі кезде Ақжүрек Таңатаров ...
Read More »Хамзат Чимаев — UFC чемпионы!
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде БАӘ өкілі Хамзат Чимаев (14:0) пен Оңтүстік Африка Республикасының жекпе-жек шебері Дрикус Дю Плесси (23:2) күш сынасты. Бұған дейін африкалық файтер орта салмақтағы UFC чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Сондықтан оған алдағы жекпе-жекте белбеуін қорғауына мүмкіндік бар еді. Бұл жекпе-жек 5 раундқа жоспарланғанымен уақытынан бұрын аяқталды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Хамзат ...
Read More »