Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққан 32 клуб анықталды. Жарыстың негізгі кезеңіне Алматының «Қайрат» клубы да 31 командамен бірге Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, жолдама алды. Топтық турнирге барлығы 36 команда қатысады. Әрбір команда сегіз матч ойнайды. Бірінші тур 16 қыркүйекте басталады. Сегізінші тур келесі жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпанға, 1/8 финал 10-11 ...
Read More »Monthly Archives: тамыз 2025
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» миллиондаған еуро табыс тапты
Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде екі ойынның нәтижесі бойынша Шотландияның «Селтик» клубын жеңгеннен кейін қомақты табыс тапты. Іріктеу кезеңінде «Қайрат» Словенияның «Олимпия» командасын (екі ойын қорытындысы бойынша — 3:1), Финляндияның КуПС клубы (3:2) мен Словакияның «Слован» жасағын (1:1, пенальти бойынша — 4:3) жеңіп, плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасын пенальти бойынша жолда қалдырды (0:0, пенальтиде — 3:2). Осы ...
Read More »«Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты
Бүгін ару қала Алматы ғана емес, бүкіл қазақ даласы «Қайрат» футбол клубы үшін бөркін аспанға атып, қуанып жатыр. Осыдан сәл ғана уақыт бұрын Алматының теңбіл доп командасы Шотландияның «Селтик» жасағын пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты. Бұған дейін осыдан 10 жыл бұрын «Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық турнирінде ойнаған болатын. Енді міне, «Қайрат» дүрмекті ...
Read More »Волейболдан ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы плей-оффқа жолдама алды
Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Цзянмэнь қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-оффқа жолдама алды. Құрама команда B тобында бесінші орында тұрған еді. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт команда шығады. Сондықтан Қазақстан құрамасына Оңтүстік Корея командасын жеңуді алдына мақсат етіп қойып, қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Енді жастар командасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Бокстан биылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының салмақ дәрежелері бекітілді
Биыл Бахрейнде жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары жалауын көтереді. Осы дүрмекті доданың алдында бокс жекпе-жектерінің салмақ дәрежелері ресми түрде бекітілді. Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, жекпе-жектер Exhibition World Bahrain көрме орталығында болады. Оған 2009–2010 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Ұлдар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келіге 75 келіге дейін және ...
Read More »Қазақстан құрамасының Уэльспен және Бельгиямен матчтарға ойыншыларының соңғы тізімі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев қыркүйек айында болатын Уэльспен және Бельгиямен матчтарға шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»); Жартылай қорғаушылар: Ислам ...
Read More »Дмитрий Панарин бадминтоннан күміс жүлдегер атанды
Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерунның астанасы — Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалына шығып, күміс жүлдегер болды. Ерлер арасындағы жекелей сайыстың фитналында отандасымыз Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен ойнады. Бұл ойын қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды. Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Күрестен ӘЧ: Қазақстан төртінші жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады. Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ...
Read More »WTT Feeder Panagyurishte: Зәуреш Ақашева үстел теннисінен қола жүлдегері атанды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Болгарияның Пангарюште қаласында өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медальді жеңіп алды. Турнирде Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0, Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді. Дегенмен оның украиналық Анастасия Димитренконы жеңіге шамасы келе алмай, одан 1:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Соның кесірінен ол үшінші орынды қанағат тұтты. Осы жарыста отандастарымыз ...
Read More »WTA 250: Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250: турнирінің жеңімпазы атанды. Ол сербиялық Александра Крунич екеуі жарыстың бірінші ракеткалары болып есептеліп, финалда тайбэйлік Чань Хаочин мен қытайлық Синью Яньді жеңді. Бірінші партияда тай-брейкте Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:6 (7:3) жеңсе, екінші сетте 6:4 есебімен айласын асырды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »