Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан спортшыларының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Джиу-джитсудан әлем чемпионы, 69 кг салмақтағы Жәнібек Әбу-Бәкір финалда Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңді. Жарыстағы жолы: Топтық кезең. Райан Проаг — 50:0 Фарид Бен Али — 17:14 Жартылай финал: Ерасмо Пагано — 20:4 ...
Read More »Monthly Archives: тамыз 2025
World Boxing: Қазақстан ерлер құрамасында бір алтын жүлде
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында 19 жасқа дейнгі жас жігіттер бес рет финалға шығып, бір алтын мен төрт күміс медальға ие болды. Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндіс Хемант Сангванды жеңіп, Азия чемпионы атанды. 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек Иран өкілі Али Чигриханиден жеңіліп, күміс жүлдені иеленді. 70 ...
Read More »World Boxing: Қазақстан қыздар құрамасы жеті жүлде алды
Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында Бүкіл әлемдік бокс одағының (World Boxing) ұйымдастыруымен 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен жарысты аяқтады. Сары құрлық додасында бұрымды боксшылар 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді. Ел құрамасынан Құралай Егінбайқызы (80 кг) Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда үнді Критика Уасанды 3:2 есебімен жеңді. ...
Read More »Cranberry Cup International: Софья Самоделкина екінші орыннан көрінді
АҚШ-тың Норвуд қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Cranberry Cup International 2025 атты Челленджер сериясындағы халықаралық турнирінде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 65.80 ұпай жинап, 20 спортшы қатысқан сында екінші орын алды. Бүгін Софья Самоделкина еркін бағдарламада сынға түседі. Әйелдер арасындағы жарыс Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жалпы, бұл жарысқа 20 елден 99 спортшы қатысып жатыр. Осыған дейін Софья Самоделкина 2026 жылы ...
Read More »Президент кубогы: Қазақстан теннисшілері жеңімпаз атанды
Астанада теннистен Президент кубогы үшін өтіп жатқан ITF W15 жарысында Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Іңкәр Дүйсебай мен Асылжан Арыстанбекова финалда ресейлік Екатерина Хайрутдинова мен Беларусь өкілі Анна Кубаревамен ойнап, жеңіске жетті. Бірінші партияда Ресей мен Беларусь жұбы тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Екінші сетте Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай 6:4 ...
Read More »Жағажай самбодан ӘЧ: Қазақстан құрамасынан жеті жүлдегер шықты
Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан V әлем чемпионатында жеті жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды. Маргарита Бажаева (-50 кг) – әлем чемпионы Жүлдегерлер: 2-орын. Асқар Еспусинов (-58 кг) 3-орын. Жандос Бейсенбаев (-71 кг) 4-орын. Болат Сапар (-88 кг) 5-орын. Айнұр Төребай (-59 кг) ...
Read More »Халықаралық электроника және технологиялар көрмесі
Алматыда Қытай, Қазақстан және ШЫҰ мемлекеттері арасындағы цифрлық технологиялар саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың стратегиялық мүмкіндіктері таныстырылды. Алматыда Hometech & Electra 2025 электроника және тұрмыстық техника халықаралық көрмесінде, Hometech & Electra Forum «Орталық Азия мен көршілес өңірлерде электроника және цифрлық жүйелер нарығын дамыту» іскерлік бағдарламасы аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің криптографиясын көрсетуді стандарттау орталығы мен деректер қауіпсіздігі бойынша бірлескен әзірлеу орталығын ...
Read More »Бокстан АЧ: Қазақстан спортшылары бес қола медаль алды
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты одан әрі жалғасуда, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Бүгін 19 жасқа дейінгі санатта әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды. Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Аяжан Ермек (57 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) финалға шықты. Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге ...
Read More »«Алтын доп» жүлдесіне үміткерлер саны 30 адамға жетті
France Football басылымы 22 қыркүйекте жылдың үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне 30 үміткердің атын жария етті. Басылымның хабарына қарағанда, Францияның «Пари Сен-Жермен» ойыншылары 2018 жылы «Реал Мадрид» жасаған рекордты қайталап, «Алтын доп» жүлдесіне үмітті 30 адамның қатарынан төбе көрсетті. Биыл «ПСЖ» клубының 9 ойыншысыТоп-30-ға енді. Сонымен бірге тізімде «Барселонаның» — 4, «Реалдың» — 3 және «Ливерпульдің» 3 ойыншысы бар. ...
Read More »Мөлдір Жаңбырбай – XII Дүниежүзілік ойындардың күміс медалисі!
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда каратэден бірінші жарыс күні Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Кумите бағдарламасында 50 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 4 жылда бір өтетін айтулы доданың финалына дейін жетті. Ол финалда Иран спортшысы Сара Бахманиермен күш сынасты. Негізгі уақыт 0:0 есебімен ...
Read More »