• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты

    Күрестен АЧ: Мейрамбек Қартбай қола жүлде үшін күреседі

    Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың спортшысы Мейрамбек Қартбай (57 кг)  жартылай финалда қарсыласына есе жіберді. Мейрамбек Қартбай мен Кенто Юмия арасындағы белдесу 2:4 есебімен жапон балуаны жеңіске жетті.  Оған дейін Қартбай ширек финалда өзбекстандық Нодирбек Жұманазаровты жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын. Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Мейіржан Әшіров (70 кг) Түркменстан спортшысы Перман Хоммадовтан ...

    Read More »

    Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты

    Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (92 келі салмақта) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың балуаны 97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалында Үндістанның өкілін мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Ризабек Айтмұхан осыған дейін Бішкек бозкілемдерінде өзбекстандық Махсұд Вейсалов пен Қырғызстанның спортшысы Андрей Ароновты ...

    Read More »

    Бішкекте күрестен Азия чемпионатының жалауы желбірейді

    11-16 сәуірде Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионатына 30 медаль бәске тігіледі. Биыл осымен үшінші рет өтетін жарысқа Олимпиада және әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері Рисако Кинжо, Юи Сузаки, Нонаки Озаки (Жапония), Нұрсұлтан Тұрсынов, Азамат Дәулетбеков, Ризабек Айтмұхан, Эльмира Сыздықова (Қазақстан), Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмудов, Айсулу Тыныбекова (Қырғызстан), Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен басқа да атақты ...

    Read More »

    Ақжол мен Жоламан — қырғыз халқының мақтанышы

    Жақында ер Манастың елінде күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына қырғыздың бетке ұстар спортшысы Ақжол Махмудов қатысады. Ол осымен төртінші рет Азия чемпионатына қатысатын болады. Қазіргі кезде Ақжол Махмудов — күрестен Азия чемпионатында 3 алтын алған жалғыз палуан. Сөзсіз, енді тарихта қалады. Өз елінде мұндай жетістікке әлі ешкім жеткен жоқ. Жоламан Шаршенбеков, Ратбек Санатбаев, Данияр Кобонов және Жанарбек Кенжеев екі рет ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден тағы чемпион атанды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы (юниорлар) көркем жүзуден аралас топтық сайыс пен акробатикалық топтар бәсекесінің еркін бағдарламасында алтын жүлдені жеңіп алды. Әуелі қыздар құрамасы (13-15 жас) көркем жүзуден топтық сайыстың еркін бағдарламасында қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадулина, Анджелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Джаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирева ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден күміс жүлде алды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегерлері — Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) жұптық сайыстың еркін бағдарламасында күміс жүлдені иеленді. Бірінші орынды 347.4859 балл алған Өзбекстанның спортшылары Зиёдахон Тошхуджаева мен Анна Ващенко алды. Ал Қазақстаның дуэі 340.1650 ұпай жинады. Үшінші орынға Гонконгтың өкілдері Вонг Винг Ка мен Ву КуЛок ие болды. ...

    Read More »

    Cу спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден тағы чемпион атанды

    Филлиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу жарысында Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада алтын медальді жеңіп алды. Екеуі 233.5413 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды.

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден екі алтын медаль алды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу жарысының 13-15 жас және 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Даяна Жаманшалова мен Карина Магрупова үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Даяна Жаманшалова 233.5386 ұпай жинаса, Карина Магрупова  404.0525 ұпай иеленді. Су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің екінші ойынында Сингапур командасымен кездесіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан ...

    Read More »

    Қазақстан көгалдағы хоккейден Орталық Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Өзбекстанның Әндіжан қаласында көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы Орталық Азия елдерінің чемпионаты болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Азия хоккей федерациясы (AHF) ұйымдастырған чемпионатта ерлер арасында Қазақстан, Қырғызстан, Оман, Тәжікстан, Өзбекстан командалары сынға түсті. Ал әйелдер арасында Қазақстан, Оман, Тәжікстан, Өзбекстан құрамалары шын мықтыны анықтады. Нұржан Бейбітов жаттықтыратын еліміздің әйелдер ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль жеңіп алды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында  су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды. Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева ...

    Read More »