• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Бүкіләлемдік күрес одағы. Фотода Мерей Базарбаев (-61 кг) үнді палуаны Нихил Нихилмен күресіп жатыр

    Еркін күрес: Қазақстан U23 Азия чемпионатын екінші орынмен аяқтады

    Бүгін Вьетнамның Вунгтау қаласында 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті.

    Чемпионаттың соңғы күні ұлттық құрама команда қоржыны тағы 2 күміс, 3 қола жүлдемен толықты. Онда Мерей Базарбаев (-61 кг) пен Елнар Шілдебай (-86 кг) күміс медалист болса, Нұрдәулет Сейілбеков (-74 кг), Асхаб Хаджиев (-79 кг) пен Әлімжан Сәлімжан (125 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

    Еркін күрес палуандары 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленіп, жалпы есепте Үндістаннан кейін екінші орынға шықты. Үшінші орынды Өзбекстан құрама алды.

    Биыл чемпионатқа еркін күрес бойынша 13 мемлекеттен 80 спортшы қатысты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    61 кг — Алтын медаль: Нихил Нихил (Үндістан), Күміс жүлде: Мерей Базарбаев (Қазақстан), Қола медаль: Батнасан Ганхулег (Моңғолия), Кван Мион Ким (КХДР)

    Жаттықтырушылар

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *