• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тағайындау

    Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ведомство. Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған. Әр жылдары бокстан жаттықтырушы-оқытушы, Петропавл қаласы БЖСМ нұсқаушысы, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеген. 2011-2012 жылдары —МСМ Спорт комитеті ...

    Read More »

    Талғат Ешенұлы «Айқын-Литер» ЖШС-нің директоры болды

    Талғат Ешенұлы «Айқын-Литер» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Айқын-Литер» ЖШС ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Талғат Ешенұлы 1996-1997 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінде, 1997-1998 жылдары «Жас алаш» республикалық газетінде тілші, қоғамдық-саяси бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1998-2004 жылдар аралығында Ақпарат министрлігінде, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. 2004-2005 жылдары «Жас алаш» ...

    Read More »

    Шымкенттің Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшысы келді

    Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшысы келді. Бұл туралы Facebook-те журналист Ілияс Жолдас айтты. Басқармаға жаңа директор болып халықаралық дәрежедегі спорт шебері Маратбек Мықтыбеков тағайындалды. Маратбек Мықтыбеков 1981 жылы Түркістан облысы Бәйдібек ауданында туған. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері. Көп жылдары спорт саласында түрлі лауазымды қызметте, соның ...

    Read More »

    Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне жаңа басшы келді

    Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің басшысы болып Сырым Боранбай тағайындалды, деп хабарлады ведомство. Сырым Боранбай 1986 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетін бітірді (бакалавриат, магистратура). Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істеді.   ФОТО: Туризм және спорт министрлігі  

    Read More »

    Белгілі журналист Диас Ахметшәріп жаңа қызметке тағайындалды

    Белгілі журналист Диас Ахметшәріп Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі болған. «Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған. 2003-2007 жылдары — Спорт және туризм ...

    Read More »

    Мұсағали Тасқалиев — Асық ату федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі

    Бүгін белгілі журналист, ақын, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақ спорт және туризм  академиясының құрметті профессоры Мұсағали Тасқалиев  Асық ату федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды. Бүгін ұлттық ойынымыз асық ату спортының негізін қалаушы Жомарт Сабыржанұлы ағам екеуміз «Жұлдызай-2023» ұлттық инклюзивті ойындарында Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтановпен кездесіп, асық ату спортын алдағы уақытта дамыту жөнінде ...

    Read More »

    Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

    Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жанынан «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ құрылды. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ құрылды. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды, ...

    Read More »

    Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласының әкімдері ауысты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ақтөбе облысының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлады Ақордаға сілтеме жасаған halyq-uni.kz. Президенттің Жарлығымен Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада. Сондай-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысының бұрынғы әкімдері қызметінен кеткен еді. Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан, Мұрат ...

    Read More »

    Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болды

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады. Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы туған. Ұлты — қазақ, білімі жоғары. «Дене шынықтыру және спорт»,«кеден ісі», «дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы», «көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша Жоғары ...

    Read More »

    Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице- министрі болды

    Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице- министрі қызметіне тағайындалды. Мәдениет және спорт минимтрі Асхат Оралов осыған дейін ведомство басшысының орынбасары болған Нұрғиса Дәуешовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған. 2009-2013 жылдары — Құрманғазы ...

    Read More »