• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қысқы спорт

    Қазақстан ҰОК 2026 жылғы Олимпиадаға ресми шақырту алды

    Ұлттық Олимпиадалық комитет 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиялық ойындарға ресми шақырту алды, деп хабарлады ҰОК. Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім. Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері отандастарымыз бір алтын, үш күміс және төрт қола ...

    Read More »

    Ақ Азиада аяқталды

    Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды. Күміс жүлдені ...

    Read More »

    Шорт-тректен ерлер командасы Әлемдік турда жүлде алды

    Бүгін Италияның Милан қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Эстафетада (5000 метр) Kazakh Nomads командасы мәреге Италия мен Канада командасынан кейін келді. Финалда жарыс жолына Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев пен Глеб Ивченко шықты.  

    Read More »

    Шорт-трекшілер Универсиаданың қола медалисі атанды

    Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада еліміздің қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Шорт-тректен аралас эстафетада Қазақстан командасы мәреге үшінші болып жетті. Бұл сында Алина Ажғалиева, Малика Ермек, Дінмұхамедалдияр Тәжібай мен Валерий Клименко жарысты.

    Read More »

    Кирилл Бауэр Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды (ВИДЕО)

    Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада биатлоншы Кирилл Бауэр қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол масс-стартта үздік үштіктен көрінді. Бұл — Қазақстан биатлоншылардың осы ойындардағы үшінші медалі. Осыған дейін Арина Крюкова 7,5 шақырым спринтте қола медаль жеңіп алса, Никита Акимов топ жарған. Кирилл Бауэр — Қазақ спорт және туризм академиясының ...

    Read More »

    Харбин-2025 ең көп ел қатысатын қысқы Азиадаға айналды

    7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына құрлықтағы 34 Ұлттық Олимпиада комитетінің сапында 1275 спортшы жиналады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Азия Олимпиада кеңесінің мәлеметіне қарағанда, бұл қысқы ойындар арасындағы рекорд. Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет қысқы спорттан қатысады. Осыған дейінгі Жапонияның Саппоро қаласында жалауы желбіреген жарыста құрлықтағы 30 ел және ...

    Read More »

    Талантты жастардың қатары көбейіп келеді

    Алматыдағы танымал Шымбұлақ тау курортында алғаш рет жасөспірімдер арасында могул және шаңғы акробатикасы бойынша фристайлдан FIS әлем чемпионаты өтті. Оған 13 елдің 110-нан астам спортшы қатысты. Чемпионат 14 пен 20 жас аралығындағы үздік жас спортшылардың басын қосады. Қазақстанның атынан мықты атлеттер шығады. Оның ішінде 2024 жылы Италияда могулдан алтын жүлде алған Анастасия Городко бар. Чемпионатты ұйымдастыру Алматының қысқы спорт түрлерінің ...

    Read More »

    Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогының финалдық кезеңіне шықты

    Фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі Грузияның Бакуриани қаласында өтіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz. Ерлер арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков пен Максим Емельянов қатысты. Нәтижесінде негізгі жарысқа тек Павел Колмаков шықты. Ол іріктеу кезеңін 15-орында аяқтап, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Ал Бондарев 36-орын, Бугаков 38-орын, Емельянов 42-орын иеленді. Іріктеу кезеңінде бірінші орынды канадалық спортшы Микаэль ...

    Read More »

    Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Финляндияда пара биатлоннан өтіп жатқан Әлем Кубогының кезенінде пара спортшы Ербол Хамитов (LW12) 7,5 км спринттік жарыста 23:26.00 уақыт нәтижесімен қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК. Мәреге бірінші болып Қытай спортышысы LIU Zixu 22:38.05 секунд нәтижесімен келсе, оның отандасы LIU Mengtao 22:58.07 ...

    Read More »

    Жапония Қазақстаннан ескі әнұран үшін кешірім сұрады

    Жапонияның конькишілер федерациясы марапаттау рәсімінде еліміздің ескі әнұранын пайдаланғаны үшін Қазақстан құрамасынан кешірім сұрады. 17 қарашада Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жеткен Виталий Щиголевті алтын жүлдемен марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар (Хатинохе, Жапония) Қазақстанның ескі әнұранын қосқан болатын. Осы оқиғадан кейін Қазақстан конькишілер одағы ISU мен жарысты ұйымдастыру комитетіне хат жолдап, түсініктеме беруді сұрады.   SportPress-ақпарат    

    Read More »