• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Гимнастика

    Гимнастшы Елжаңа Тәниева – Әлем кубогының күміс жүлдегері

    Көркем гимнастикадан Болгарияның София қаласында өткен Әлем кубогы аяқталды. Финалда Елжаңа Тәниева 2-орын алды. Қазақстан гимнастика федерациясының хабарлауынша, Елжаңа Тәниева ұршық, доп және таспа бойынша жаттығулардың финалында өнер көрсетті. Ол финалда 30,900 ұпай жинады. Алтын медальді өзбекстандық Тахмина Икромова иеленсе, қола жүлдені бразилиялық Барбара Домингос жеңіп алды. Бұған дейін Елжаңа Тәниева Испанияның Марбелла қаласында өткен Гран-приде үшінші болып, қола жүлдегер ...

    Read More »

    Елжаңа Таниева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық гимнастшы Елжаңа Таниева Грекияның астанасы – Афина қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Ол төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Елжаңа Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, төрітнші орынды қанағат тұтты. Елжаңа Таниева жақында ғана Испанияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұршықпен жаттығудың шешуші сынында жетінші орынды иеленген еді. ...

    Read More »

    Қазақстан гимнастшылары Афродита кубогын жеңіп алды

    Грекияның астанасы – Афина қаласында көркем гимнастикадан VIII «Афродита кубогы» атты халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қазақстанның көркем гимнастшылары алты бірдей жүлделі орынға ие болды. Милана Парфилова шығыршықпен және доппен өнер көрсетуде финалға жетіп, қос бағдарламада да күміс жүлде жеңіп алды. Эрика Жайлауова ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанса, шығыршықпен көрсеткен жаттығуда 7-ші, лентамен өнер көрсетуде 8-орыннан көрінді. Жастар арасында ...

    Read More »

    Гимнастшы Елжаңа Таниева Гран-придің қола жүлдегері атанды

    Гимнастшы Елжаңа Таниева Испанияның Марбелья қаласында өткен Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды. Ол доп жаттығуының финалында 32.900 ұпаймен үшінші орын алды. Бірінші және екінші орынды Болгариядан келген Стиляна Николова (35.700) мен Ева Брезалиева (33.600) иеленді. Осы Гран-придің басқа түрлерінен Елжаңа Таниева ең мықты 8 гимнастшының қатарына енді. Ол құрсаумен 6-орын, ұршықпен 7-орын алды. 26 ақпанда Таниева Эстонияда өткен Гран-при турнирінде күміс ...

    Read More »

    Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының иегері атанды

    Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде өткен көркем гимнастикадан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Едендегі жаттығулар бойынша финалда отандасымыз үздік нәтиже көрсетіп, 14,200 ұпай жинады. Миладтың екі айналымнан жасаған трюктары көпшілікті тәнті етті. Екінші орынды украиналық Илья Ковтун иеленсе, қола жүлдені АҚШ өкілі Райли Луус жеңіп алды. Еске сала кетсек, Әзербайжан астанасында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогының ...

    Read More »

    Ресейдің гимнастшылары Халықаралық федерация құрамынан шығарылды

    Ресейдің гимнастшылары Халықаралық федерация (FIG) құрамынан ресми түрде шығарылып, жарыстарға қатысу құқығынан біржолата айырылды. Халықаралық Олимпиялық комитет (ХОК) Ресей мен Беларусь спортшыларын 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиялық ойындарға жіберу туралы мәселені қарап жатқанда жекелеген халықаралық федерациялар, оның ішінде Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) өздеріне қатысты мәселені шешіп тастады. Сөйтіп, ұйым Ресей мен Беларусь спортшыларын Олимпиададан басқа да жарыстарға қатысуға тыйым салды. ...

    Read More »

    Нариман Курбанов — Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы

    Гимнастшы Нариман Курбанов гимнастикадан Катардың Доха қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Гимнастикалық ат жаттығулардың финалында Курбанов 15.400 ұпай жинады. Екінші орынды Ирландияның өкілі Рис МакЛенаган иеленді. Ол 15.033 ұпай алды. Тайбэйдің спортшысы Шао Ю Ян үшінші орыннан көрінді. Оның нәтижесі — 14.833 ұпай.  Отандасымыз Ильяс Азизов алтыншы нәтижені көрсетті (14.100).   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Мейіржанова мен Таниева Әлем кубогының жүлдегері атанды

    Көркем гимнасшы Айым Мейіржанова мен Елжаңа Таниева Эстонияда өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды. Мейіржанова екі жүлдені жеңіп алды. Ал Таниев күміс медальді иеленді. Айым Мейіржанова таспамен көрсеткен өнері үшін күміс медаль жеңіп алса, шығыршықпен сынға түскенде үздік үштікті түйіндеді. Елжаңа Таниева Әлем кубогы кезеңінде алтынға бір қадам жерде тоқтады. Ол жаттығуында жүлдеден бір адым жерде қалды. Ал таспамен көрсеткен ...

    Read More »

    Қазақстан акробаттары әлем чемпионатында екі алтын жүлде алды (ВИДЕО)

    Әзербайжанның Баку қаласында батуттан әлем кубогының кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде Қазақстанның акробаттары екі алтын жүлдені жеңіп алды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Данил Мұсабаев ерлер арасындағы жекелей жарыста 59,240 ұпай алып, әлем чемпионы атанса, Данил Мұсабаева Пирмаммед Әлиевпен дуэтте ерлер арасындағы синхронды батутта екінші алтынды жеңіп алды. Әлем кубогының әйелдер бөлімінде үздік 6 батут гимнастының қатарына енген Виктория Бутолина жарыстың көзайымына айналды. ...

    Read More »

    Гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында 11 жүлде алды

    Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында эстетикалық гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды Марапаттау рәсімінде еліміздің әнұраны бес рет шырқалды. Әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында елімізден екі командадан болды. Чемпионатта 6 медаль жиынтығы сарапқа салынды. 16 жастан асқан қыздар арасында «Кармелита» (Шымкент) командасы чемпион атанды. Оның құрамында Елизавета Шарая, Сәбина Елубаева, Аида Жақсыбек, ...

    Read More »