Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттық гимнастикадан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден аралас жұптық сайыста Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина 49.68 ұпаймен қола жүлдегер атанды. Жапон спортшылары 50.33 нәтижесімен топ жарса, күміс медаль бейтарап мемлекет (50.29) өкілдеріне бұйырды. Әлем кубогына жалпы 14 елден 60-тан астам ...
Read More »Гимнастика
Дмитрий Патанин – Сомбатхейдегі Challenge cup турнирінің жеңімпазы!
Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында Қазақстан командасының қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. —Еркін жаттығудың финалында отандасымыз Дмитрий Патанин жеңіске жетті. Оның еншісінде 13.900 ұпай бар. Күміс жүлде 13.600 балл алған Кевин Пенев (Болгария) еншісінде. Үздік үштікті Артём Долгопят (Израиль) 13.200 ұпаймен түйіндеді, — делінген хабарламада. ...
Read More »Данил Мусабаев пен Никита Тумаков Әлем кубогы кезеңін жеңіп алды
Германияның Котбус қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды. Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен екі дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос ...
Read More »Гимнаст Айбота Ертайқызы Гран-приде екі жүлде алды
Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды. Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Гимнаст Нариман Курбанов Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды
Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Францияның Париж қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жеңімпаз атанды. Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті. Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді. Оның ұпай саны — 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта 14,733 ұпаймен ие болды. Зейнолла Ыдырысов 14,633 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Көркем гимнгастикадан ӘЧ: Ақмарал Ерекешева екі дүркін әлем чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Болгарияның астанасы — София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір алтын медальді жеңіп алды. Ол чемпионаттың іріктеу кезеңінде үш сайыстан финалға жолдама шығып, жүлдегер қатарынан көрінді. Ерекешева доппен және лентамен жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алса, шеңбермен жаттығуда күміс жүлдені иеденді. Ал бұған дейін хабарлағанымыздай, ел құрамасынан сынға түскен тағы бір гимнастымыз Айғаным Рысбек ...
Read More »Көркем гимнастикадан ӘЧ: Ақмарал Ерекешева тарихи жүлдені жеңіп алды
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Болгарияның астанасы — София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында құрмет тұңырының ең биік сатысына көтерілді. Ол үш бірдей финалға бірінші орынмен шығып, оның екеуінде жүлдеге ие болды. Гимнаст доппен көрсеткен өнері үшін 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанса, шығыршықтағы жаттығуда 26.950 ұпаймен күміс жүлдені жеңіп алды. Енді ол таспамен сайысқа түседі. Сондай-ақ ел құрамасы ...
Read More »Challenge Cup: Қазақстан спорттық гимнастикадан үш медаль алды
Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың үш спортшысы құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс иесі Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды. Әйелдер арасында бөрене ...
Read More »Гимнаст Дарья Ясинская Азия чемпионатының екі финалына шықты
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында әйелдердің спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Дарья Ясинская екі финалға шықты. Ол енді еркін және қол тіреп секіру жаттығулары бойынша жарысқа қатысады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Спорттық гимнастикадан АЧ: Қазақстан ерлер командасы үш алтын жүлде алды
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан жасөспірімдер мен ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан командасы үш жарыс күнінде жеті жүлдеге ие болды. Оның үшеуі алтын, екеуі күміс, екеуі қола медаль. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермей, чемпион атанды. Ол финалда әлемдегі ең ...
Read More »