Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет топтық жаттығудан көпсайыста 48,45 ұпаймен алтын алып, тарихи жетістікті тіркеп отыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Осыған дейін отандық гимнасттар Азия чемпионаттарында жүлде алғанымен, құрлық додасында Қазақстан командасы көпсайыс қорытындысы бойынша тұғырға шықпаған. Бұл бағдарламада ел намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Мадина Мырзабай, ...
Read More »Гимнастика
Айбота Ертайқызы – Азия чемпионатының қола жүлдегері!
Сингапур төрінде жалауы желбіреген көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы өз өнерімен көз сүйсіндіріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында, төрт жаттығу бойынша 82.200 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Өзбекстан спортшылары көш бастап, алғашқы екі орынды иеленді. Сондай-ақ, Айым Мейіржанова барлығы 80.450 ұпаймен бесінші сатыдан көрінді. Айта кетейік, ...
Read More »Көркем гимнасшылар Азия чемпионатының жүлдесіне таласады
Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы іріктеу күніндегі топтық сайыста Қазақстан құрамасы 5 лента жаттығуында 22.100 ұпаймен екінші орын алып, финалда финалда бақ сынауға мүмкіндік алды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Бұл бағдарламада көш басында Оңтүстік Корея гимнасттары 23.000 ұпаймен тұрса, ал үшінші орынға өзбекстандықтар (21.550) жайғасты. Қыздарымыз ойдағыдай өнер көрсетіп жатыр. Енді, ертең де іріктеу жарыстары ...
Read More »Көркем гимнасшылар Азия чемпионатының финалына шықты (ФОТО)
Бүгін Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Бәсекенің алғашқы күні көпсайыстан іріктеу нәтижесінде ұлттық құрама команданың екі спортшысы да финалға жолдама алды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Атап айтсақ, Айым Мейіржанова шығыршық пен лента жаттығуында 53.200 ұпай (26,.550 + 26.650) жинап, үздік үштікке жайғасып, екі бағдарламадан да финалға шықты. Сондай-ақ Айбота Ертайқызы 52.000 ұпаймен (26.900 + 25.100) бесінші ...
Read More »Көркем гимнастика: Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды
Көркем гимнастикадан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы үшін жарыста Қазақстан құрамасы 5 лента жаттығуында 21.850 ұпай жинап, қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қытай спортшылары (25.150) жеңімпаз атанса, Израиль командасына 23.000) күміс медаль бұйырды.
Read More »Гимнастар Грекиядағы турнирде тоғыз алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грекияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады olympic.kz. Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды. Ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші орын алды. Топтық ...
Read More »Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайланды
Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының есептік-сайлау конференциясы болды. Оған Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты, деп хабарлады olympic.kz. Конференцияда федерацияның есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған даму жоспарлары мен стратегиялары талқыланды. Күн тәртібіндегі басты мәселе спорт ұйымының президентін сайлау болды. Конференцияға қатысушылардның бірауыздан қабылдаған шешімімен Әлия Юсупова федерация басшысы қызметіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды. Өткен маусым ...
Read More »Елжаңа Таниева Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Елжаңа Таниева Италияның Милан қаласында өтетін Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл жарыс 21-23 маусым аралығында болады. Қазақстан сапынан тек бір спортшы бақ сынайды. Елжаңа Таниева биылғы Олимпиадада өнер көрсетеді. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған болатын. Таниева ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.
Read More »Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды
Қазақстан Көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды, деп хабарлады olympic.kz. 30-31 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға «Құрметті жаттықтырушы» атағы берілді. Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарады. Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиялық ойындарға қатысып келеді. Париж Олимпиадасында ...
Read More »Гимнасшы Дияс Тойшыбек Әлем кубогында алғаш рет жүлде алды
Ұлттық құраманың спортшысы Дияс Тойшыбек спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол ат снарядындағы финалда 14.150 ұпай алды. Мұнда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысқан украиналық Илья Ковтун (Украина) топ жарды. Қола жүлде хорват гимнасы Матео Жугецке бұйырды.
Read More »