• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Гимнастика

    Спорттық гимнастикадан АЧ: Аида Бауыржанова алғашқы жүлдесін алды

    Өзбекстанның Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, деп хабарлады olympic.kz. Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медальге ие болды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Спортшы Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.    

    Read More »

    Ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты

    Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 14.600 ұпай алып,  іріктеуде екінші орын алса, 13.750 ұпай жинаған Асан Салимов алтыншы орыннан көрінді. Ат снарядында Нариман Курбанов 15.650 ұпай жинады. Ол бірінші орынға шықты. Зейнолла Идрисов 14.850 ұпаймен екінші ...

    Read More »

    Гимнасшылар Олимпиданың жалғыз жолдамасына таласады

    24-26 мамыр күндері  спорттық гимнастикадан әйелдер арамында лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста Қазақстан атынан Аида Бауыржанова, Дарья Ясинская, Арина Лебедева, Анфиса Иванова мен Көркем Ербосынқызы бақ сынайды. Сары құрлықтың додасында көпсайыс бойынша Олимпиаданың жалғыз лицензиясы сарапқа салынады. Жолдама үшін 7-8 мемлекеттің гимнасшылары өнер көрсетеді. Олардың арасында біз де бармыз,- деді ...

    Read More »

    Гимнасшы Елжаңа Таниева көпсайыстан Қазақстан чемпионы атанды

    Астанада көркем гимнастикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медальді жеңіп алды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша чемпион атанды. Күміс жүлдені Милана Парфилова, қола медальді Айбота Ертайқызы иеленді. Елжаңа Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатында таспамен жаттығуда алтын медальді жеңіп алған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды

    Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Милад Карими кермедегі жаттығуда ең көп ұпай жинап (15.033 балл), биылғы сары құрлық чемпионатындағы үшінші медалін иеленді. Ол осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс жүлде алған. Бұл — 24 ...

    Read More »

    Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды

    Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финал аяқталды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда  15.600 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды. Осылайша, ол екі дүркін Азия чемпионы атанды. Былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында да Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмаған. Одан басқа, спортшы Дохада 2022 жылы күміс, 2023 жылы ...

    Read More »

    Гимнасшы Милад Карими — Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

    Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Милад Карими күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға шықты. Алтын жүлдеге әлем чемпионатының бірнеше дүркін медалисі, филиппиндік Карлос Юло ие болды. Өзбекстандық Абдулла Азимов 82.431 ұпаймен турнирдің қола медалін иеленіп қана қоймай, Париж Олимпиадасына да жолдама алды. Карими де, ...

    Read More »

    Қазақстан Олимпиаданың Азияда қалған жалғыз жолдамасына таласады

    16-27 мамыр аралығында Өзбекстаның астанасы — Ташкентте спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының жалауы көтеріледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған Қазақстан атынан Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов, Диас Тойшыбек пен Фарух Набиев қатысады. Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Нариман Курбанов пен Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын алып отыр. Ал қалған гимнасшыларымыз құрлыққа берілген жалғыз лицензияға ...

    Read More »

    Қазақстан гимнасшылары Challenger Cup турнирінің күміс жүлдесін алды

    Көркем гимнастикадан Португалияның Портиман қаласында өткен Challenger Cup турнирінде Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова күміс жүлдені жеңіп алды. Эрика Жайлауова доппен өнер көрсетудің финалында 32.400 балл алса, Милана Панфилова шығыршық жаттығуында 33.800 баллға ие болды. Одан кейін ол лентамен бақ сынап, қола (30.750 ұпай) медаль иегері атанды. Көпсайыс қорытындысында Парфилова 5, Жайлауова 7-орынды қанағат тұтты. Ал жекелеген жаттығулар бойынша өткен ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан АЧ: Қазақстан командалық есепте екінші орын алды (ФОТО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Сары құрлық додасының соңғы күні жекелей және топтық жаттығулар бойынша финал болып, Қазақстан құрамасы 321.60 ұпаймен екінші орынды иеленді. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды  329.45 ұпаймен Өзбекстан гимнасшылары алса, үшінші орынды 316.85 ұпай жинаған Жапония спортшылары қанағат тұтты. Жекелей сында Елжаңа ...

    Read More »