2024 жылы Францияның астанасы Парижде өтетін жазғы Олимпия ойындарына дайындалу үшін спортшыларға заманауи жабдықтар берілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, Париж Олимипиадасына дайындық аясында арнайы бағдарлама әзірленген. Осыған байланысты спортшыларға заманауи жабдықтар сатып алуға қосымша қаражат бөлінген. «2023 жыл – Олимпиадаға дейінгі, ұлттық құрама командаларды даярлау тұрғысынан ең маңызды жыл. Үлкен жарыстарда жеңіске жету үшін ең ...
Read More »Олимпиада
Париж Олимпиадасының билеттері сатыла бастады
Францияның астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының билеттерінің сатылымы басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт комитеті Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарлады. Жанкүйерлер сатылымның алғашқы кезеңінде мынадай жолмен де билетті сатып ала алады. Яғни, алдымен Make Your Games («Өз ойындарыңды жинақта») атты билет пакетін сатып алу үшін 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін https://tickets.paris2024.org сайтында тіркеуден өту ...
Read More »Атақты боксшы Болат Теміров қайтыс болды
Бокстан КСРО чемпионы, Қаз КСР және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Болат Теміров 53 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиада мен бірнеше рет әлем чемпионаттарына қатысқан. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы карьерасын аяқтағаннан кейін бизнеспен айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды. Атырау облысының құрметті азаматы болды. Қазақстан бокс федерациясы ...
Read More »Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден өтті. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды. ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған «Түркістан жыланы» 78 жаста еді, — делінген хабарламада. Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, 9 дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 ...
Read More »Олимпиаданың ресми рәміздері жарияланды
2024 жылы Францияның астанасы Париж қаласында өтетін жазғы Олимпия ойындарының ресми рәміздері таңдалды. Олар Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің штаб-пәтерінде жарыстар басталардан 620 күн бұрын таныстырылды. Францияның символы саналатын Фригия (Фракия) қалпақшалары түріндегі ойыншықтар спорттық шараның символына айналды. Паралимпиадашы Фриги Олимпиададағы серіктесінен бір ғана протездік аяғымен ерекшеленеді. Олимпия ойындары келесі жылы 26 шілде мен 11 тамызы аралығында болады. ...
Read More »