• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ХОК штаб-пәтері алдында Ресейге қарсы наразылық акциясы өтті

    Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиялық комитеттің(ХОК) алдында наразылық акциясы өтті.

    Наразылыққа қатысушылар ұйымды ресейлік және беларусь спортшыларының 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиялық ойындарға және басқа да халықаралық жарыстарға қатыстыруды талап етті.

    Шерушілер «Ресейсіз Олимпиялық ойындары» деген ұранмен плакаттармен ХОК штаб-пәтеріне дейін 3,5 шақырым жүріп, ХОК демеушілерін ұйымға қысым көрсету үшін өз қызметтерін пайдалануға шақырған.

    Акцияны Швейцариядағы еріктілер мен түрлі коммерциялық емес ұйымдар ұйымдастырған.

    ХОК басшысы Томас Бахтың айтуынша, Халықаралық Олимпиялық комитет ресейлік және беларусь спортшыларына халықаралық жарыстарға бейтарап тумен қатысуға рұқсат беруді ұсынған. Бұл ұсыныстар 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қолданылмайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *