Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жыл үздігі – 2022» спорттық номинацияларды тапсыру салтанатына өңір әкімі Нұржан Нұржігітов қатысқан. Өзінің құттықтау сөзінде ол өңірдегі жетістіктерге, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. «Қасиетті Әулиеата өңірінің жақсы спорттық дәстүрі мен жеңісті жолдары ежелден қалыптасқан. Сол дәстүрді жоғалтпау, сол абырой биігінен түспеу біздің алға қойған міндетіміз екенін естен шығармау керек. ...
Read More »Қоғам
Ақтауда «Каспий» клубын бопсалаған мәслихат депутаты сотталды
Ақтауда «Каспий» клубын бопсалаған Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 25 қарашада Ақтау қалалық сотының үкімімен Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Оған заңсыз жолмен алынған қаражат сомасынан он есе көп айыппұл салынды. Сондай-ақ ол өмір бойы ...
Read More »«Низкий поступок», «колхозный вариант». Илья Ильин мен федерация өкілі тілшінің намысына тиген
«Хабар 24» телеарнасының тілшісі Аслан Қаженовті белгілі ауыр атлет Илья Ильин мен жеңіл атлетика федерациясының өкілі кемсіте сөйлеген. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Түрім колхозға ұқсап тұр ма? Неге үнемі өзге ұлт өкілдерінен осындай балағат естиміз? Бір емес, екі емес… Ана жолы Илья Ильин «низкий поступок жасадың» деп еді, енді Павел Кукин «колхозной вариантсың» дейді. Бұның шегі бар ма өзі?! — деп ...
Read More »Artsport: Шымкентте шенеунікке айыппұл салынды
Шымкентте «Artsport» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің алдында берешектің болуына жол берген мәдениет басқармасының басшысы жазаланды. Шымкент қаласының прокуратурасы қалалық мәдениет басқармасы тарапынан «Artsport» бағдарламасы аясында қызмет көрсеткен 159 кәсіпкердің 600 млн теңгеден аса берешегі бар екенін, әкімдік тарапынан оны өтеуге шара қолданбай жатқанын анықтады. Бұл ретте кәсіпкерлерге берешектерді қайтару туралы қала әкімдігіне прокурорлық қадағалау актісі (заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыным) енгізілді. ...
Read More »