• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем кубогы

    Батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы: Қазақстан – қола жүлдегер!

    Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттық гимнастикадан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден аралас жұптық сайыста Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина 49.68 ұпаймен қола жүлдегер атанды. Жапон спортшылары 50.33 нәтижесімен топ жарса, күміс медаль бейтарап мемлекет (50.29) өкілдеріне бұйырды. Әлем кубогына жалпы 14 елден 60-тан астам ...

    Read More »

    Данил Мусабаев пен Никита Тумаков Әлем кубогы кезеңін жеңіп алды

    Германияның Котбус қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды. Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен екі дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос ...

    Read More »

    912 медаль – 8 айдағы рекорд: отандық спортшылар тарихи нәтижеге жетті

    Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Отандастарымыз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға ...

    Read More »

    Меруерт Камалиденова биылғы әлем додадағы үздік шахматшыны жеңді

    Грузияда өтіп жатқан шахматтан Әлем кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Осы сынға қатысып жатқан 19 жастағы Меруерт Камалиденова ресейлік Анна Шухманды (2413) 1,5:0,5 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Қазір отандасымыз рейтингте 59-шы орында тұр. Осылайша, Камалиденова екінші сенсациялық жеңіске жетті. Бұған дейін ол қазіргі әлем чемпионы Александра Горячкинаны жеңген болатын. Әлем кубогының жүлде қоры шамамен — 700 000 АҚШ доллары. ...

    Read More »

    Құзға өрмелеуден Әлем кубогы: Ришат Хайбуллин – күміс жүлдегер!

    Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде ұлттық құрама команданың спортшысы Ришат Хайбуллин күміс медаль иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол әуелі жылдамдық бағдарламасының іріктеуінде 5.03 секунд нәтиже көрсетіп, 8-орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жартылай финалда төбеге 4.83 секундта көтеріліп, жеке рекордын жаңартты (мұнда әлем рекорды 4.64 секунд). Ал финалда Париж Олимпиадасының қола ...

    Read More »

    Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады

    Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп, сенсация жасады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді отандасымыз ертең қара фигурада ойнайды, — делінген хабарламада. Бұл турнир 2021 жылдан ...

    Read More »

    Таеквондодан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы қола жүлде алды

    Бүгін Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында басталған таеквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жүлде үшін жекпе-жекте отандастарымыз Марокко спортшыларынан 2:1 есебімен басым түсті. Команда сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез сынға түсті. Іріктеуде Қазақстан Үндістанды жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен ...

    Read More »

    World Boxing: Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ жарды

    Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Барлығы 30 елден 300-ге жуық боксшы сынға түскен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16 салмақта құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді. Енді финалдық кезең 15-22 қараша аралығында Үндістанда болады. Ерлер құрамасы – 5 алтын,  1 күміс, 2 қола медаль. Әйелдер құрамасы – ...

    Read More »

    World Boxing: Қазақ боксшылары уақытынан бұрын жарытлай финалға шықты

    Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының ширек финалдық жекпе-жектер болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Күндізгі сессияда күтпеген жерден 60 кг салмақта Серік Теміржанов жапониялық спортшыға есе жіберді. Әзірше бұл салмақта отандастарымызға ірі жарыстардың жүлдесі бұйырмай келеді. 80 кг салмақта Нұрбек Оралбай мен 57 кг салмақта Айдана Забынбекова рингке шықпай-ақ, жартылай ...

    Read More »

    World Boxing: Алғашқы жартылай финалистер белгілі болды

    Астанада бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші кезеңі одан әрі жалғасып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрілігінің Спортты дамыту дирекциясы. Күндізгі сессияда әлем чемпиондары Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) өз қарсыластарын жеңіп, ширек финалға шықты. Ал 54 кг салмақта екінші жекпе-жегіне шыққан Әнел Сақыш Азия чемпионы Феруза Казаковадан (Өзбекстан) жеңіліп қалды. Кешкі ...

    Read More »