• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Теннистен Қазақстан құрамасы Польшамен матчта алға шықты

    Астанадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша арасындағы матч болды. Кортқа алғашқы болып Қазақстаннан әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен Польша құрамасынан дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда Линетт жеңіске жеткен еді. Бірінші партияда поляк спортшысы 4:0 есебімен алға ...

    Read More »

    Азия чемпионатының соңғы күні 4 қазақ балуаны финалға шықты

    Бүгін Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың төрт балуаны финалға шықты. Атап айтқанда, Дархан Есенғали (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 кг) жұбаныш белдесуіне қатысады. Ол жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін күреседі. Кеше еркін күрестен ұлттық ...

    Read More »

    Еркін күрес балуандары Азия чемпионатын 2 алтын, 1 қола медальмен бастады (ВИДЕО)

    Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес балуандары 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Бүгін бес салмақтың екеуінде Мадияр Құрамысовтың шәкірттері қарсылас шақ келтірмей, жанкүйерлерді қуантты. Күндізгі сессия қорытындысы бойынша барлық салмақтағы ұлттық құраманың балуандары кешкі сессияда жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Оның ішінде финалға екі спортшы шықты. Санжар Досжанов 1/8 финалда кореялық Сук Хон Паркты таза ...

    Read More »

    Головкин 27-орында: Әлемдегі үздік боксшылардың рейтингі жарияланды

    World Boxing News басылымы 2023 жылдың сәуір айындағы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz. Тізімді WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық Александр Усик бастап тұр. Рейтингке орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы да енді. Үздік елуліктің арасында Головкин 27-ші, Әлімханұлы 48-сатыда ...

    Read More »

    Елдің намысын қолдан бермейміз – Рыбакина

    Астанада теннистен Билли Джин Кинг Кубогы (Billie Jean King Cup) үшін іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан мен Польша командаларының матчы алдында жеребе тартылып, одан кейін қос ел құрамаларының қатысуымен брифинг өтті. Оған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов пен екі елдің теннисшілері қатысты. Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, ертең болатын жекелей кездесуде Юлия Путинцева Магда Линеттемен, Елена Рыбакина Вероника Фальковскамен күш ...

    Read More »

    Спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін төлем мөлшері белгіленді

    Мәдениет және спорт министрлігі «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Бұйрық-жобасында жазылғандай, өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар мына спортшылар мен жаттықтырушыларға тағайындалады: — Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе спорттың ...

    Read More »

    Канехама РИО: «Жапонияда үш жүз мың қыз күреспен айналысады»

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан қАзия чемпионатына  Жапонияның әйелдер құрамасын бастап келген бас жаттықтырушы Канехама Рио бізге шағын сұхбат берді. — Жапонияның күрес федерация басшылары алдағы уақытта Қазақстан әйелдер құрамасы спортшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізуге рұқсат бере ме? — Мархабат! Жапонияда 17-22 қазан күндері оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Сол кезде келіңіздер. Бірақ кемінде он адам келуі керек. — Қазіргі кезде Жапонияда ...

    Read More »

    Нилуфар РАЙМОВА: «Алғаш рет ересектер арасында үшінші орын алып тұрмын»

    Нилуфар Раймова қырғыз өкілі Бермет Нуридинқызын Азия чемпионатының қола жүлде үшін белдесуінде жеңіп, жүлдеге ие болды. Қазақстан әйелдер құрамасында үшінші қола медаль алған Нилуфар Раймова жарыстан кейін сұхбат берді. — Алғашқы белдесуімде тайпэйлік Ю Ченг Хангпен кездестім. Бірінші кездесуім болғасын қиындау болды. Ауыр болды. Оны 6:5 есебімен жеңдім. Бірінші кездесу бәріне қиын болады. Екінші қарсыласым өзбекстандық Ләйла Сабировамен бұрын кездеспегенмін. ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова – үш дүркін Азия чемпионы! (ВИДЕО)

    Астана қаласында әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні 72 кг салмақта бозкілемге шыққан Жәмила Бақбергенова алтын жүлдені жеңіп алды. Ол осымен үшінші рет әр жылдары (2020, 2022) өткен Азия чемпионатының құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Яғни, құрлықтың  үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен бірге ол әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Жәмила Бақбергенованың финалдағы қарсыласы Жапонияның балуан қызы ...

    Read More »

    Olimpbet Қазақстан футбол федерациясына қосымша 500 миллион теңге ұсынды

    Olimpbet букмекерлік кеңсесі Қазақстан футбол федерациясына қосымша 500 миллион теңге бөледі. Ол қаражат 2023 жылғы футбол маусымында Қазақстан кубогы мен Суперкубогына қатысатын клубтарға федерация төлейтін қаржы көлемін едәуір арттырады. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Olimpbet басшылығы қаржылық жағдайдың айтарлықтай жақсаруы футболдан Қазақстан кубогы мен Суперкубогына қатысушы командалардың да, көрермендердің де қызығушылығын арттыратынын атап өтті. Қазақстандық ең ірі букмекерлік кеңсенің демеушілігі қолжетімді ...

    Read More »