• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Гимнастшы Елжаңа Тәниева – Әлем кубогының күміс жүлдегері

    Көркем гимнастикадан Болгарияның София қаласында өткен Әлем кубогы аяқталды. Финалда Елжаңа Тәниева 2-орын алды. Қазақстан гимнастика федерациясының хабарлауынша, Елжаңа Тәниева ұршық, доп және таспа бойынша жаттығулардың финалында өнер көрсетті. Ол финалда 30,900 ұпай жинады. Алтын медальді өзбекстандық Тахмина Икромова иеленсе, қола жүлдені бразилиялық Барбара Домингос жеңіп алды. Бұған дейін Елжаңа Тәниева Испанияның Марбелла қаласында өткен Гран-приде үшінші болып, қола жүлдегер ...

    Read More »

    EURO 2024: УЕФА сайты үздік голды анықтап жатыр

    Еуропаның футбол қауымдастығы (УЕФА) Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің екінші турында Дания командасының қақпасына салған голын үздіктер номинациясы қатарына қосты. Қазір УЕФА-ның сайтында екінші турадағы үздік голға дауыс беріліп жатыр. Үздік гол номинациясына үміткерлер қатарында англиялық Букайо Сака, беларусьтік Владислав Морозов пен румыниялық Андрей Буркэ бар. Әзірше Асхат Тағыберген мен Владислав Морозов алда келеді. Олардың ...

    Read More »

    Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында тағы бір жүлдені алды

    Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Таисия Алексеева күміс жүлдені жеңіп алды. Қыздар арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Алексеева жұлқа көтеруде 89 кг, ал серпе көтеруде 112 келіні басынан асырды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша ол 201 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үш жүлде алған болатын.  73 ...

    Read More »

    Рыбакина эйс жасау жөнінен көш бастады

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір тарихи нәтижеге жетті. Ол халықаралық турнирлердегі соңғы төрт ойында 10 және одан көп эйс жасап, атақты америкалық теннисші Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады. Қазір Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысып жатыр. Осы додада ол Анна Калинскаямен кездесуде 14, Паула Бадосамен ойында 12, Элиза Мертенспен өткен матчта 10 эйс жасады. ...

    Read More »

    ХОК штаб-пәтері алдында Ресейге қарсы наразылық акциясы өтті

    Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиялық комитеттің(ХОК) алдында наразылық акциясы өтті. Наразылыққа қатысушылар ұйымды ресейлік және беларусь спортшыларының 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиялық ойындарға және басқа да халықаралық жарыстарға қатыстыруды талап етті. Шерушілер «Ресейсіз Олимпиялық ойындары» деген ұранмен плакаттармен ХОК штаб-пәтеріне дейін 3,5 шақырым жүріп, ХОК демеушілерін ұйымға қысым көрсету үшін өз қызметтерін пайдалануға шақырған. Акцияны Швейцариядағы еріктілер мен түрлі коммерциялық ...

    Read More »

    Белгілі комментатор ҚФФ президентінің кеңесшісі болды

    Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы  © BEK Sport Telegram-арнасы хабарлады. SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының редакциясы әріптесімізге жаңа қызметте табыс тілейді.

    Read More »

    Рыбакина Майами турнирінде 352 635 доллар табыс тауып үлгерді

    Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина тұңғыш рет АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін 352 635 доллар табыс тапты. Ол 390 рейтингілік ұпайға ие болып үлгерді. Кеше теннисші ширек финалға шыққаны үшін 184 465 доллар табыс тапқанын болатын. Сонда ол ½ финалға жолдама алғаны үшін осы сомаға қосымша 168 мың доллар тауып отыр. ...

    Read More »

    Рыбакина Майами турнирінде алғаш рет жартылай финалға шықты

    Теннисші Елена Рыбакина алғаш рет АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалда әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездесіп, оны 1 сағат 12 минутта 6:3, 6:0 есебімен ұтты. Осылайша, Рыбакина биыл қатарынан 12 рет жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе рейтингте 26-орында тұрған  ресейлік Анастасия ...

    Read More »

    Ресей спортшылары соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберіледі — ХОК

    Халықаралық олимпиялық комитет (ХОК) ресейлік және белорус спортшыларын Украинадағы соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберілетінін мәлімдеді. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Кеше ХОК-тың президенті Томас Бах Олимпиялық ойындарға қатысты өткен баспасөз мәслихатында осылай деді. Оның айтуынша, Ресей мен Беларусь спортшылары бұл жағдайда бейтарап ту астында жарыстарға қатыса алады. Алайда Ресей мен Беларусьтің арнайы қызмет органдарымен келісімшарт жасасып қойған, екі елдің армиясымен немесе ...

    Read More »

    Мессидің трансферлік бағасы арзандап кетті

    Футболдан әлем чемпионы, Аргентинаның ұлттық құрамасы командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің трансферлік бағасы 16 жылда алғаш рет  50 млн еуродан арзандап кетті. Осы кезге дейін Мессидің құны 45 млн еуро болған. Сөйтіп, аргентиналық футболшының трансферлік бағасы 2007 жылдан бері алғаш рет 50 млн еуродан арзан болып отыр. Былтырғы жылдың қараша айында Transfermarkt Мессиді 50 млн еуроға бағалаған, ...

    Read More »