• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталды (ВИДЕО)

    Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталды. Премьер-лиганың (бұрынғыша – Жоғары лига, — ред.) бірінші матчы Шымкен қаласында болды. Онда Қажымұқан атындағы стадионда маусымашар матчта жергілікті «Ордабасы» мен Ақтаудың «Каспий» командалары кездесті. Ойында 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Биылғы маусымның алғашқы голын Шымкент қаласының командасына жаңадан қосылған Бауыржан Исламхан салды. Ол екі жыл үзілістен кейін голдың авторы атанды. Исламхан матчтың 16-минутында ...

    Read More »

    Анна Данилина Астанадағы жарыстың жеңімпазы атанды

    Еліміздің жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Астанада өткен ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women’s» турнирінің жеңімпазы атанды. Анна Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген еді. Бұл жұп финалда доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань мен Су Джон Чанмен бас жүлдені сарапқа салды. Матч аса тартысты өтті. Бірінші партияда Анна мен Ирина 6:4 ...

    Read More »

    Нариман Курбанов — Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы

    Гимнастшы Нариман Курбанов гимнастикадан Катардың Доха қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Гимнастикалық ат жаттығулардың финалында Курбанов 15.400 ұпай жинады. Екінші орынды Ирландияның өкілі Рис МакЛенаган иеленді. Ол 15.033 ұпай алды. Тайбэйдің спортшысы Шао Ю Ян үшінші орыннан көрінді. Оның нәтижесі — 14.833 ұпай.  Отандасымыз Ильяс Азизов алтыншы нәтижені көрсетті (14.100).   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Маңғыстау спортына жаңаша көзқарас керек

    Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Архимед Буркитбаев бастаған азаматтар Басқұдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне келіп, жаттықтырушылармен кездесу өткізді. Спорт мектебі 2015 жылы қолданысқа берілді. Бірақ әлі күнге стадионы жоқ. Үш спорт түрінен (грек-рим, дзюдо, еркін күрес) 150-дей спортшы үйірмеге қатысады. Бала көбейген сайын іші тарлық етеді. Ауламыздан стадион салынса ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» қай кезде құлататынын айтты

    Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді. Ол әлеуметтік желіде: «Канеломен» жекпе-жек қашан?» деп сұраған адамға: «Канело» туралы сұрақ көп. Онымен кез келген уақытта кездесуге дайынмын. Тактика және техника жағынан да дайынмын. Құдай қаласа, онымен айқас та алыс емес. Жанкүйерлер сияқты мен де ол жекпе-жекті асыға күтемін. ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Варвара Глухова алтын жүлде алды

    Бүгін қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерово облысында өтіп жатқан ІІ  «Азия балалары» ойындарында конькимен жүгіруден соңғы жүле жиынтығы сарапқа салынды. Алдыңғы екі күнде медальге сынық сүйем қалғанда сүрініп келген қазақстандықтар бұл жолы 1 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Конькиші Варвара Глухова жеңімпаз атанса, командалық спринтте Денис Мезенцев, Михаил Бровко мен Михаил Матрюхин үштігі Сібір федералды округынан кейінгі екінші нәтиже ...

    Read More »

    Астанада бильярдтан Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтеді

    Ертең, 4 наурыз күні Астанада AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттерінің ұйымдастыруымен зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтеді. Жолдасбек Дуанабайдың есімі қалың оқырманға белгілі. Ол қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері болған. Турнирге 50-ден аса адам қатысады. Олар екі санат бойынша бақ сынайды. Әр санатқа үш бағалы ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Португалияның Вила-Реал қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен WTT Youth Contender турнирдің жеңімпазы атанды. Ол жарыста қарсыластарының бәрін ұтты. Атап айтқанда, испан Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Риконың өкілі Энрике Риос пен чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сонымен бірге теннисші тағы бір испаниялық Даниэль Берзоса мен румын Драгош Бужорадан айласын асырды.   Дастан ...

    Read More »

    Былтыр футбол клубтарына 20 млрд теңге бөлінді (КЕСТЕ)

    Halyq Uni агенттігінің зерттеуінше, 2022 жылы Қазақстанда республикалық және жергілікті бюджеттен спорт саласына жалпы 356,1 млрд теңге қаражат бөлінген. «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда көрсетілгендей, 2022 жылы: «жоғары дәрежелі спорт түрлерін дамытуға» 81 млрд теңге; «спорттағы дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеуге» 26 млрд теңге; «бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуға» 1,4 млрд теңге бөлінген. жергілікті әкімдіктер арқылы 247,7 млрд теңге ...

    Read More »

    Атақты футболшы Жюст Фонтен қайтыс болды

    1 наурызда атақты француз футболшысы Жюст Фонтен 89 жасында қайтыс болды. Франция құрамасының аты аңызға айналған шабуылшысы 1958 жылы өткен әлем чемпионатында 13 гол соғып, әлемдік рекорд жасады. Осы кезге дейін бірде-бір адам әлемдік додада ең көп гол соғу бойынша Фонтеннің рекордын жаңартқан жоқ. Жюст Фонтен 1933 жылы 18 тамызда Мароккода туған. Футболдағы карьерасын Марокконың «Касабланка» клубында бастаған. Одан кейін ...

    Read More »