• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Таразда ұлттық спорттан Қазақстан чемпионаты аяқталды

    19 мамыр күні Тараз қаласында басталған ұлттық спорттан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Көкпар мен аударыспақтан ХІХ рет, теңге ілуден ХІІІ рет, жамбы атудан V рет ұйымдастырылған елішілік жарыстың соңғы күні көкпар бәсекесінің финалдық ойыны тамашаланып, чемпионаттың салтанатты жабылуы өтті. Екі жыл қатарынан түркістандық «Құлагер» командасына есе жіберген Жамбыл облысының «Әулие-ата» командасы көкпардың бүгінгі финалдық ...

    Read More »

    Аударыспақтан Қазақстан чемпиондары анықталды

    Бүгін  Қазақстанның ересектер арасындағы аударыспақтан ХІХ  рет өткен чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Өткен жылғымен салыстыра өтер болсақ, былтырғы чемпиондық атақтарын сақтап қалған түркістандық аса ауыр салмақтағы балуан Біржан Қосалиев пен 70 кило салмақтағы балуан ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов қана болды. Сонымен, Тараз қаласында өткен биылғы аударыспақ бәсекесінде кімдердің жұлдызы жанды? Суретте: Аса ауыр салмақтағы даңқты балуан Біржан Қосалиев ...

    Read More »

    Жамбы атудан жаңа чемпион шықты

    Бүгін Жамбыл өңірінде жамбы атудан өткен V  Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қызылорданың мергені Ғалымжан Өміртай елішілік жарыстың бас жүлдесін иеленді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Жамбы атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдесін бас-аяғы 22 спортшы сарапқа салды.  «Қалқан ату» және «Жамбы ату» бәсекесі бойынша өткен елішілік жарыста Қызылорда облысы  командасының мерейі үстем болды. Бұған дейін жастар арасындағы елішілік чемпионатта екі дүркін ...

    Read More »

    Рахат Қомбаров теңге ілуден Қазақстан чемпионы атанды

    Тараз қаласында өтіп жатқан елішілік чемпионаттың думаны қыза түсуде. Бүгін  теңге ілуден Рахат Қомбаров  Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Биылғы ХІІІ теңге ілу чемпионатында  14 командадан 20 спортшы бақ сынады. Бұл елішілік бәсекеден тек Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері ғана тыс қалды. Үш кезеңнен тұратын жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан мен Жамбыл облысының жігіттері жүлделі орындарды өзара бөлісті. Бас жүлде ...

    Read More »

    Қазақ мергендерінің қатары көбейіп келеді

    Ат үстінен садақ атудан тұңғыш ұйымдастырылған «Алтын жебе» әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Қазіргі кезде жарысқа оннан астам мемлекеттің мергендерінен тапсырыс түсті. Ал, сонда осы дүниежүзілік мергендер сайысына қатысатын қазақ мергендері қатарында кімдер болуы мүмкін? «Алтын жебе» атауы әлем мергендеріне халықаралық турнир ретінде жақсы таныс. Себебі, 2017 жылы және 2018 жылы елорда төрінде «Алтын жебе» жарысы  халықаралық турнир ...

    Read More »

    Ертең Қазақстан чемпионаты басталады

    19-26 мамыр аралығына белгіленген ұлттық спорттан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты ертең Тараз қаласында ту көтереді. Биылғы елішілік чемпионат өткен жылғыдай тартысты бола ма? Ұлттық спорттың республикалық басты бәсекесін көзбе-көз тамашалау осы жылы  Жамбыл облысының жанкүйерлеріне бұйырды. Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2019 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ұйымдастырылған чемпионатта ...

    Read More »

    Арман балуан — аударыспақтан Азия чемпионы

    Биылғы Қазақстан чемпионатының басталуына санаулы күндер ғана қалды. 19 мамырда Тараз қаласында ту көтеретін елішілік чемпионатқа әр өңір өз үздіктерін үкілеп қосуға даяр. Бір қуанарлығы, соңғы жылдары ұлттық спорт үздіктерінің қатары қалыңдай  түсуде. Солардың бірі – аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының абсолютті салмақтағы чемпионы атанған ақтөбелік Арман САҒЫНБАЕВ. Бүгін жанкүйерге осы Арман балуанды жақынырақ таныстыруды жөн көрдік. Аударыспақ спортында Ақтөбе облысының ...

    Read More »

    Алматыдағы оқу ордасында Отбасы күні өтті

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жариялауымен  1993 жылдан бастап 15 мамырды «Халықаралық отбасы күні» деп аталып келеді. Негізгі мүдде қалың жұртшылықты отбасы мәселесіне қаратуды көздеген. «Отан отбасынан басталады», десек отбасы құндылықтарына назар аудардың мәні зор деп білеміз. Сондықтан да «Халықаралық отбасы күні» елімізде үлкен қолдаумен мерекелік көңіл-күйде аталып өтті. Айтулы отбасылық мереке Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің  республикалық мамандандырылыған мектеп-интернат ...

    Read More »

    Ералхан мерген ел намысын қорғайды

    Елордада жамбы атудан І әлем чемпионаты өтеді. Елімізде тұңғыш ұйымдастырылған дүниежүзілік бәсекеде ел намысын қорғайтын бас мергеннің бірі – Ералхан Айкөз. Бүгін жанкүйерге 2015 жылдан жамбы ату жарыстарында үздік шыққан жас мергеніміздің жетістіктерін қысқаша таныстырып өтуді  жөн көрдік. Жамбы атудан І әлем чемпионаты елорда төріндегі «Хан-Шатыр» кешені маңында 30 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Ұлттық ...

    Read More »

    Елдос мерген Еуропаға аттанды

    Кеше жамбы атудан Қазақстан құрама командасының белді мүшесі, еліміздегі үздік сұрмергеннің бірі Елдос Бадашев  Еуропаға аттанды. Ол ат үстінен садақ атудан Мажарстанның Помаз қаласында өтетін әлем кубогына қатысады, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Бүгін Венгрияның Помаз қаласында ұйымдастырылған әлемдік жарыстың алғашқы бәсекесі басталды. Дүниежүзінің таңдаулы мергендері ғана бақ сынайтын бұл әлем кубогы үш кезеңмен өтетін ірі жарыс. Алғашқы кезеңі Мажарстанның ...

    Read More »