Румынияның Констанца қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі хабарлады. Қорытынды кезең ересектер, ардагерлер, есту қабілеті зақымданған адамдар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті. Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді. Бұл сында жалпы командалық есепте ...
Read More »Басты тақырып
Қазақстан допингпен күресті қатаңдатады
Польшаның Катовице қаласында Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов бастаған делегация WADA ұйымының бас директоры Оливьер Нигглемен және осы мекеменің Азия өңіріндегі кеңсесінің басшысы Казухиро Хайашимен кездесті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің бапасөз қызметі хабарлады. Кездесу спорттағы допинг мәселесіне арналған V Бүкіләлемдік Допингке қарсы конференция аясында өтті. Қазақстандық тарап допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін ...
Read More »Елорда іргесінде жаппай көкпар жарысы аяқталды
Жаппай көкпарды тамашалауға Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қатысты. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Елорда іргесіндегі Талапкер ауылында Хасеновтер әулеті ұйымдастырған бұл көкпар – биылғы жылы Арқа төсінде өткен айтулы көкпардың бірі. Бұл жаппай көкпарды Хасеновтер әулеті өмірден озған ардақты әкелерін еске алу құрметіне жасаған жылдық асқа орай ұйымдастырды. Белгілі атбегі Хасенұлы Амандық ақсақал кезінде ...
Read More »Астананың төңірегінде жаппай көкпардың жалауы желбіреді
Соңғы жылдарда жаппай көкпар ұйымдастыру еліміздің барлық өңірінде белең ала бастады. Жұртшылықты дәстүрлі ойын мен ұлттық спортқа қызықтыру, бұқаралық спортты жандандыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ұлттық спорттың додасы бұған дейінгі уақытта да аз өткізілген жоқ. Сондай дүбірлі бәсекенің бірі елорданың іргесіндегі Талапкер ауылында 3 қараша күні тамашаланбақ. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Бұл жаппай көкпарды Хасеновтер ...
Read More »Алматыдағы Әуезов стадионында студенттердің сайысы аяқталды
Алматыдағы М.Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Спартак» стадионында шағын футболдан жоғары оқу орындары арасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде 26 жыл ректор болған, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым мен техника саласына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Тоқмұхамет Сәлменұлы Садықовты еске алуаға арналған жарыс өтті. Сонымен бірге тағы бір жар салап жария етер жаңалық, ...
Read More »Алматыдағы стадион Әуезовтің атымен аталады
Абай атындағы Қазақ ҰПУ ректоры Тахир Балықбаевтың бұйрығымен Алматыдағы М.Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Спартак» стадионына заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ АЛМАТЫ
Read More »Түркістанның жастары турнирде топ жарды
Атақты көкпаршы Әбілхан Дауылбаевтың биылғы турнирінің жастар арасында ұйымдастырылғаны туралы ақпарат бұдан бұрын жарияланған болатын. Бүгін осы турнирдегі үздік көкпар командалары анықталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Жастарды ұлттық спортқа қызықтыру, даңқты көкпаршының мерейін көтеру мақсатында Шымкент қаласында көкпардан төртінші рет өткізілген турнирдің жеңімпазы – Түркістан командасы болды. Жарысқа барлығы 8 команда, атап айтқанда, Алматы облысы, Алматы қаласы, Маңғыстау ...
Read More »Таразда «Бессайыс» турнирі аяқталды
Бүгін Тараз қаласында құсбегілер арасында тұңғыш ұйымдастырылған «Бессайыс» турнирі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Жарысқа Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысынан келген барлығы 16 спортшы қатысып, 16 бүркіт, 13 тазы, 6 ителгі, 5 қаршығамен сынға түсті. Нәтижесінде, жеті өңірден қатысқан құсбегілер арасынан жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы бас жүлдені иеленді. Жүйрік тазысы ...
Read More »Регбишілерге артылған сенім
Жыл өткен сайын Олимпиялық ойындардың тізіміне бірлі-екілі спорт түрі қосылып, жаңарады. Мысалы, Англияда сонау XIX ғасырда пайда болып, кейін Еуропада кеңінен танылған регби ойыны Рио Олимпиадасының бағдарламасына енді. Осы жаңалықтан соң, спорттың дамуына ерекше көңіл бөлетін мемлекеттер регбиден ұлттық құраманың ойыншыларын жасақтай бастады. Алысқа ұзамай-ақ қоялық, бізде де спорттың осы түріне мейлінше жасөспірімдерді тартуға басымдық берілді. Негізі регбиден ел чемпионаты ...
Read More »Түркістан облысында атақты көкпаршының турнирі өтеді
2019 жылғы 26 қазан мен 2 қараша аралығында атақты көкпаршы, КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы, командалық көкпар ойынының негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Дауылбаевтың турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Көкпардан жастар арасындағы республикалық ашық турнир Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы атшабарда тамашаланады. Даңқты көкпаршы атындағы жастар турниріне еліміздің көптеген өңірінің командалары қатысады. Еске сала өтелік, Әбілхан Дауылбаевтың турнирі бұған ...
Read More »