• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Бейбіт Шүменов бокстан кетті

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов ресми түрде карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Шүменовтің айтуынша, жаттығу кезінде көзінен алған жарақаты тым ауыр болды. Дәрігерлер оған бокстағы жолын жалғастыруға тыйым салды. Себебі, қатты соққы алар болса, көзі көрмей қалуы әбден мүмкін. Боксшы шілде айында кезекті рет ота жасатады. Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Шүменовті тұрақты чемпион атағынан айырғаны хабарланды. Бейбіт аталған ұйымға денсаулығына байланысты ...

    Read More »

    «Астана арландары» британдық қарсыластарын жеңді

    WSB жартылай финалының екінші жекпе-жегінде рингке 64 кило салмақ дәрежесінде Ділмұрат Мижитов пен Конор Лофтус шықты, деп хабарлайды Sports.kz. Қазақстандық боксшы айқын басымдықпен қарсыласын жеңді, есеп — 3:0 (50:45, 50:45, 50:45). Осылайша жалпыкомандалық есеп — 3:0 болды. Қазақстандық бокс командасы жарыс аяқталмай жатып жеңімпаз атанды. Еске сала кетсек, жартылай финалға дейін ҚазАқпаратқа сұхбат берген «Астана арландарының» жаттықтырушысы Нұрлан Сәкенұлы финалға шығарда ...

    Read More »

    Қанат Ислам кімдерді тізе бүктіргісі келетінін айтты

    Ол бұл туралы worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында айтып берді. «Мен «Канелоны», Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді. Бұл — менің арманым емес, мақсатым. Бұл туралы бокстың барлық жанкүйері айтатын болады. Мен осы боксшылардың барлығын құрметтеймін. Себебі әлем бойынша мыңдаған боксшының ішінде чемпион атану оңай емес. Мен өз елімнің беделі үшін жұмыс істейтін адамдарды құрметтеймін. Ал жанкүйерлеріме айтатыным: сіздерді көп ...

    Read More »

    «Арландардың» Қытайдағы айқасы тікелей эфирде көрсетіледі

    Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсетіп келе жатқан елордалық «Астана арландарының» кезекті «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізетін айқастарын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу 21 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында өтеді. Бұл «Астана Арландарының» топтық кезеңіндегі соңғы айқасы. Бокс кешінің басталуы Астана уақытымен сағат 17:30-да. Естеріңізге сала кетейік, бұл сында «арландар» сапынан 52 кило салмақта Анвар Мұзаппаров, ...

    Read More »

    Головкин WBN P4P рейтингінде өз орнын сақтап қалды

    Британдық Worldboxingnews.net сайты салмақ санатынан тыс (pound-for-pound) ТОП-50 боксшының жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: Андре Уорд көш бастап тұр, екінші орында — Мэнни Пакьяо, үшінші жолда Геннадий Головкин тұр. Алтыншы позицияда болған Василий Ломаченко төртінші орынға көтеріліп, Роман Гонсалесті төмен сырғытты.

    Read More »

    Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия біріншілігінде бақтарын сынайтын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Азия біріншілігіне қатысатын боксшылардың тізімі: 49 келі — Ержан Жомарт; 52 келі — Азамат Исақұлов; 56 келі — Қайрат Ералиев; 60 келі — Әділет Құрметов; 64 келі — Бекдәулет Ибрагимов; 69 келі — Абылайхан Жүсіпов; 75 ...

    Read More »

    Ғалымбек Кенжебаев: «Мықты боксшыны бапкерлері таңдайды»

    Бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Ғалым Кенжебаев Vesti.kz порталының тілшісіне 69 килода бұған дейін көш бастап тұрған Данияр Елеусіновтың екі бокс туралы айтып берді. — Ғалым Қалиұлы, бұрнағы күні бокстан Қазақстан құрамасында буын алмасу кезеңі өтіп жатыр. 69 келі салмақта Елеусіновтың орнына қазір екі боксшы үміткер. Оның бірі — Садриддин Ахмедов болса, екіншісі Абылайхан Жүсіпов. Бұл екі боксшы да ...

    Read More »