• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Роналду «Манчестер юнайтедтің» опасыздық жасағанын айтты

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду британдық журналист Пирс Морганға резонансты сұхбат берді. Ол сұхбатта «Манчестер юнайтед» клубының соңғы 13 жылда жақсы жаққа өзгермегенін айтты. «Соңғы 13 жылда команда жақсы жаққа еш өзгерген жоқ. Өсу нөлге тең. Сэр Алекс Фергюссон қызметтен кеткеннен кейін клубта ешқандай өзгеріс көрмедім», — деді ол. Сонымен бірге футболшы клубты өзіне опасыздық жасады деп айыптап, сатқындықты сезінгенін жеткізді. ...

    Read More »

    Қазақстан — Өзбекстан: команданың тізімін жарияланды

    Өзбекстан мен БАӘ құрама командаларымен жолдастық кездесу өткізетін Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылған футболшылардың тізімі жарияланды. Тізімге футболдан екі жылға шеттетілген Бауыржан Исламхан да енді. Футболшы соңғы рет ел құрамасы сапында 2020 жылдың қыркүйегінде Беларусь командасына қарсы ойнады. Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық матч 16 қарашада Ташкентте, БАӘ құрамасына қарсы матч 19 қараша күні Әбу-Даби қаласында өтеді. Ұлттық құрамаға шақырылған ...

    Read More »

    Катарда әлем чемпионатына арналған банкноттар шығарылды

    Катар Орталық банкі футболдан әлем чемпионатының стадиондары бейнеленген естелік банкноттарды шығарды. Естелік банкноттарда Катардың мәдени мұрасы көрсетілген. Атап айтқанда, Катар елінің ұлттық елтаңбасы, ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енген Зубар бекінісі мен Доха орталығындағы зәулім ғимараттар бейнеленген. Футболдан әлем чемпионаты үшін арнайы шығарылған банкноттар Катар тарихында алғаш рет полимерлі материалдардан жасалған. Оларды елдегі банктер мен ақша айырбастау пункттерінен сатып алуға болады. Биылғы ...

    Read More »

    Бауыржан Исламхан допинг дауынан кейін Қазақстан құрамасына шақырту алды

    Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен өткізетін жолдастық матчтарына шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. «Футболшының екі жылдық дисквалификациясы аяқталып, кәсіпқой командамен жаттығуды жалғастыруға болатыны туралы тиісті құжаттар алынды», – делінген хабарламада. Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы бір ай бойы Бауыржан Исламханмен жаттықтыру жұмысын жүргізіп, командаға шақыру туралы шешім қабылдады. «Бауыржан туралы көп естігенмін. ...

    Read More »

    «Ливерпуль» клубы сатылымға қойылды

    Америкалық FSG компаниясы Англияның«Ливерпуль» клубын сатылымға шығарды. The Athletic басылымының хабарлауынша, клубқа иелік ететін Fenway Sports Group компаниясы команданы сатып алғысы келетін инвесторлардың ұсыныстарын қарастыруға дайын отыр. Компания инвесторлар үшін клуб туралы презентация дайындап қойды. Клубты сатуға Goldman Sachs және Morgan Stanley банктері көмектеседі. Басылымның мәліметіне қарағанда, клубтың иелері команданың стадионы «Энфилдті» қайта құру мен жаңғыртуға 218 млн доллар инвестициялаған. ...

    Read More »

    «Астана» – футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионы!

    2022 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы 26 турында «Астана» командасы сырт алаңда қарағандылық «Шахтер» командасын 2-3 есебімен ұтып, жетінші рет Қазақстан чемпионы атанды.  Елордалық команда 26 ойында 65 гол соғып, өз қақпаларына 24 гол өткізіп 53 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Чемпионаттың ең үздік сұрмергені астаналық Педро Эуженио (18 гол), ең үздік ассистент астаналық Марин Томасов (9 ассист) және гол+пас көрсеткіші бойынша да Марин Томасов ...

    Read More »

    «Аталанта» Зайнутдиновке қатысты мәлімдеме жасады

    «Аталанта» клубының селекциялық тобының басшысы Ли Конгертон Қазақстанның ұлттық құрама командасының және Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың италиялық жасақтың сапына ауысуына қатысты пікір білдірді. Бұл турады Sport 24. хабарлады. Біздің тарапымыздан Зайнутдиновке деген қызығушылық жоқ, –  деді Конгертон. Соңғы күндері БАҚ-та Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының «Аталантаға» ауысуы мүмкін деген әңгімелер айтыла бастаған еді. Италиялық клуб мәскеулік командаға Зайнутдиновты 5-6 млн ...

    Read More »

    Бахтиер Зайнутдинов 6 млн еуроға «Аталантаға» ауысуы мүмкін

    Италияның «Атланта» клубы Қазақстанның ұлттық құрама командасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытып отыр. Бергамо қаласының командасының скауты отандасымызды сырттай бақылап жүрген көрінеді. Бұл туралы итальян журналисі Николо Скира хабарлады. Сонымен бірге, ЦСКА Зайнутдинов үшін бес-алты млн еуро сұрап отырғаны да белгілі болды. 24 жастағы Зайнутдинов Мәскеу командасында 2020 жылдан бері ойнап келеді. РПЛ-дің биылғы маусымында ...

    Read More »

    Мбаппе Мессидің рекордын жаңартты

    Футболдан Францияның ұлттық құрама командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Туриннің «Ювентус» командасына гол салып, осы жарыста 40 голдың авторы атанған аргентиналық Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Ол жас айырмашылығы бойынша Чемпиондар лигасында 40 доп соққан ең жас футболшы атанды. Мбаппе париждіктер сапында 13-минутта гол салды. Осы ойын кезінде Килианға 23 жас, 10 ай, ...

    Read More »

    Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

    «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтетін футолдан әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді. Жанкүйерлер мундиальдың матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады, — делінген корпорацияның хабарламасында. ХХІІ әлем чемпионаты Катардың 5 ...

    Read More »