• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Мбаппе «Пари Сен-Жерменнен» кетуі мүмкін

    «Манчестер Юнайтед» клубы мен Англияның ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Уэйн Руни Франция командасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге «Пари Сен-Жермен» жасағынан кетуге кеңес берді. «Менің ойымша, Килиан Мбаппе өз клубын тастап, ағылшын премьер-лигасының командасына ауысуы керек. «ПСЖ» сөз жоқ, үлкен клуб. Бірақ ол Франция чемпионатының шыңына жетті. Енді оған басқа командаға кету керек», — деді Руни. Оның айтуынша,  Мбаппе Лионель Месси мен Криштиану ...

    Read More »

    ФИФА президенті әлем чемпионатына қатысты ұсыныс айтты

    Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы Джанни Инфантино әлем чемпионатын үш жыл сайын өткізуді ұсынды. Daily Mail хабарлауынша, Инфантиноның идеясына 18 желтоқсанда  Катарда аяқталған әлем чемпионатының коммерциялық және спорттық табысы түрткі болған. Турнирден түскен табыс рекордтық 7,1 млрд еуро болды. Бұл 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатынан 1 млрд еуроға көп. 2030 жылға дейін ешқандай өзгеріс болмайды. Өйткені, бұл датаның соңына ...

    Read More »

    Аргентиналық жанкүйер туға тұншығып көз жұмды

    Аргентина құрамасының жанкүйері халықтық серуен кезінде көз жұмды. Британдық Dally Mail басылымының мәліметіне қарағанда, ел құрамасының жеңісіне байланысты мерекелік серуен кезінде жанкүйер иығына асып алған Аргентина ұлттық туына тұншығып қайтқан. Оқиға Буэнос-Айрес провинциясының Баия-Бланка қаласында болған. Марқұм Себастьян Оскар Масиэль 22 жаста еді. Ол өзінің мотоциклімен жүргенде тудың бір бөлігі дөңгелектің астына түскен. Соның салдарынан жас жігіт тұншығып қалған. Қазіргі кезде ...

    Read More »

    Криштиану Роналду күтпеген мәлімдеме жасады

    Португалия ұлттық құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді. Marca мәліметіне қарағанда, 37 жастағы футболшы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүниежүзілік додаға баруға ниетті. Роналду рождество мерекесін Дубайда өткізіп, демалып, тынығып алуды ойлап отыр. Катарда өткен әлем чемпионатында Португалия құрамасы сәтсіз өнер көрсеткені белгілі. Криштиану, әсіресе, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасының чемпион атанғанына қапалы. Сол ...

    Read More »

    «ПСЖ» клубы Килиан Мбаппені қаншаға сататынын мәлімдеді

    Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы шабуылшы Килиан Мбаппені өтемақы есебінде 300-350 млн еуроға сатуға дайын отыр. The Telegraph-тың хабарлауынша, футболшымен 2025 жылға дейін келісімшарт жасалған. Алайда франциялық шабуылшы кетемін деген жағдайда тиісті ұсыныс түссе, клуб оны сата алады. «ПСЖ» Мбаппені 300-350 млн еуроға бағалап отыр. Кезінде «Реал» бізге қарағанда, Килианға көп ақша ұсынған болатын. Бірақ ол бізді таңдады. Ең бастысы да ...

    Read More »

    Мессидің финалдағы голы есептелмеуі керек  – БАҚ

    L’Equipe газеті Катарда футболдан өткен әлем чемпионатының финалында Мессидің 108-минутта Франция қақпасына салған голы есептелмеуі керек деген материал жариялады. Кездесудің қосымша уақытында есеп 2:2 болып тұрғанда Лионель Мессидің голы Аргентина құрамасын алға шығарған еді. Осы голдан кейін оңтүстікамерикалықтардың қосалқы құрамының ойыншылары қуанып, алаңға шығып кеткен болатын. Льористің сейвінен кейін Месси гол салғанда Аргентина құрамасы қосалқы құрамының ойыншылары эмоцияға беріліп, алаңға шығып ...

    Read More »

    Бензема Франция құрамасына қатысты мәлімдеме жасады

    Карим Бензема Францияның ұлттық құрама командасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды. Осы кезге дейін ұлттық құраманың сапында біраз тер төктім. Қателіктер жасадым. Осы күнге дейін ойнап, жетістікке жеткенімді мақтан тұтамын. Мен ұлттық құрамада қолтаңбамды қалдырдым. Осымен біздің жолымыз тәмам, – деп жазды Бензема. Биыл Карим Бензема әлемнің үздік ойыншысына берілетін «Алтып доптың» иегері атанды. Ол Испанияның «Реал» ...

    Read More »

    Аргентина құрамасы әлем чемпионы атағы үшін 10 млн доллар алды

    Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) Аргентина құрама командасының ойыншыларына Катарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін 10 млн доллар көлемінде чек сыйлады. Бұл туралы COMNEBOL президенті Алехандро Домингес Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалында Францияны пенальти сериясында жеңді. Жүлде сертификаты финалдан кейін Аргентина құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде табыс етілді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Синиша Михайлович қайтыс болды

    Югославия және серб футболының ардагері Синиша Михайлович 53 жасында қайтыс болды. La Gazzetta dello Sport басылымы Михайловичтің Римдегі емханада қайтыс болғанын хабарлады. Жаттықтырушының отбасы Михайловичтің ұзақ уақыт емделгенін, оны емдеуге көмектескен дәрігерлерге алғысын білдірген. 2019 жылдың шілдесінде Михайлович өзіне лейкоз диагнозы қойылғанын және оны «шабуылдап ойнау» арқылы жеңгісі келетінін айтқан болатын. Михайлович Югославияның «Црвена Звезда», Италияның «Рома», «Сампдория», «Лацио» және ...

    Read More »

    «Мен оның уайымын түсінемін». Франция президенті Мбаппені жұбатты

    Франция президенті Эммануэль Макрон Аргентинамен финалдағы жеңілістен кейін ұлттық команданың шабуылшысы Килиан Мбаппеге қолдау көрсетті. Оның айтуынша, француздар бірінші таймда сәтсіз өнер көрсетті. Бірақ Мбаппе ойынды өзгерте алды. Мбаппе – керемет ойыншы. Алайда ол – жас. Мен оған небәрі 24 жаста екенін айттым. Ол осы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Қазірдің өзінде финалға жетті, чемпион болды. Мен оның уайымын түсінемін. ...

    Read More »