• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан құрамасы Даму кубогында күміс жүлдегер атанды (ВИДЕО)

    Беларусьтің астанасы Минск қаласында Даму кубогы үшін халықаралық турнир аяқталды.

    Финалда Қазақстан мен Ресей жасөспірімдер құрамалары кездесті. Матчта отандастарымыз қарсыластарынан 1:3 есебімен ұтылып, осымен екінші рет күміс жүлдеге ие болды (2021 жылы финалда Тәжікстан жасөспірімдер құрамасынан жеңілген болатын, — ред.)

    Қазақстан құрамасында жалғыз голды жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл салды. Сөйтіп, ол турнирдегі үшінші голын соқты. Ал жасөспірімдер команданың қақпашысы Әбілқайыр Әлиақбар Даму кубогының үздік қақпашысы атанды.

    Бұған дейін Қазақстан футболшылары Өзбекстанды 3:0, Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасын 1:0, Беларусьті 1:0 есебімен жеңген болатын.

    Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму кубогы ойындарына төртінші рет қатысты. Команда алғаш рет 2014 жылы жалауы желбіреген жарыста күш сынасса, одан кейін  2018 және 2021 жылдары Даму кубогының жасыл алаңына шықты.

    Қазақстан U-17 – Ресей U-17 – 1:3 (1:1)

    Голдар: Ілияс Әбіл 8 – Вадим Пастушков 2, Иван Бобер 68 (пенальти), Егор Сысоев 73

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *