• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Қазақстан — Солтүстік Македония. Қателік команданы кешірмейді (ФОТО)

    Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінде тағы бір қарсыласынан жеңілді. Бұл жолы команда Солтүстік Македония жасағымен ойнап,  өз алаңында 0:1 есебімен есе жіберді. Жалпы, матч аса тартысты және қызықты болды. Бұл ойында отандастарымыз жеңіс үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасады. Ойын басталысымен ұлттық құрама қарсыластардың қақпасын аңдып, қауіпті соққылар жасап, есепті бірінші болып ашуға тырысты. ...

    Read More »

    Әли Әлиев: «Әр футболшы ел намысы үшін барын салады»

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македония құрамасымен болатын ойын алдында БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, матч туралы пікірін айтты, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. –  Команда дайындықты әдеттегідей тәртіппен өткізіп жатыр. Жоспарланған дайындық кезеңін аяқтадық. Бүгін соңғы жаттығуымыз болады. Онда кейбір стандарттық жағдайларды пысықтаймыз. Команданың ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Беларусьтен жеңілді

    Футболдан Қазақстанның ұлттық құрама командасы Борисов қаласындағы «Борисов-Арена» стадионында Беларусь елінің ұлттық құрамасымен ойнады. Жолдастық матчта  Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңілді. Беларусь құрамында Валерий Громыко, Валерий Бочеров, Трофим Мельниченко мен Евгений Шикавка бір-бір доптың авторы атанса, Қазақстан құрамасының жалғыз голды 74-минутта Ғалымжан Кенжебек салды. Оған Наурызбек Жагоров пас берді. Енді Қазақстан құрамасы 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында ...

    Read More »

    Өзбекстан алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

    Футболдан Өзбекстанның ұлттық құрама командасы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Енді өзбек елінің жасағы келесі жылы Атлант мұхитының ар жағында жатқан АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бұл жолдаманы Өзбекстан құрамасы іріктеу турнирде өз тобында екінші орынға ие болып, жеңіп алды. Бүгін ала шапанды ағайындар Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады. Осы есеп Өзбекстанның ...

    Read More »

    Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу турнирін жеңіспен бастады

    Бүгін Астанада футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Андорра командасымен ойнап,  1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 11-минутында «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Олжас Байбек жалғыз доптың авторы атанды. Бұл матчта Дастан Сатпаев жастар құрамасы сапында алғаш рет алаңға шықты. Ол 85 минут ойнады. Қазақстан U-21 құрамасы келесі ойынын 8 қыркүйекте Англиямен ойнайды. Қазақстан құрамасының тобында Словакия, Ирландия және Молдова құрамалары бар. ...

    Read More »

    Әли Әлиев: «Құрамаға шақырту алған әр ойыншы ел үшін жанын салу керек»

    Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев Беларусь құрамасымен жолдастық матч қарсаңындағы баспасөз мәслихатын өткізді. Ол тілшілердің алдағы ойын мен команда жайлы сауалдарына жауап берді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. – Міне, ұлттық құраманың басы қосылатын сәт келіп жетті. Бұл – ел болып тілеулес болатын сәт. Жігіттер дайын, бәрі ойынды күтіп отыр. Беларусь пен Солтүстік Македонияның стильдері ұқсас. Екеуі  де үш ...

    Read More »

    Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды

    Бүгін футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде Андорра командасымен ойнайды. Жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра командаларымен бір топқа түсті. Аға жаттықтырушы Денис Мамоновтың ойыншылары 2 маусымда Астанада жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бүгін болатын матч «Астана Арена» стадионында 19:30-да басталады. Одан кейін жастар құрамасы 8 маусымда Англия командасымен жасыл ...

    Read More »

    Дастан Сәтпаев ұлттық құрама мен жастар құрамасына шақырту алды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының ойыншысы, жас талант Дастан Сәтпаев 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына да шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман айтты. Оның айтуынша, футболшы әуелі ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатысып, одан кейін Қазақстан U-21 құрамасына қосылады. 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы матчқа дайындалады. Бұл ойын 5 маусымда сағат 19:30-да «Астана ...

    Read More »

    Ұлттық құраманың Беларусь пен Солтүстік Македониямен матчтарға тізімі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттыықтырушысы Әли Әлиев маусым айында болатын матчтарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», ...

    Read More »

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа Атқарушы комитеті сайланды

    Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың төрағалығымен ҚФФ-ның кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Конференция жұмысына өңірлік федерация делегаттары, УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар жөніндегі кеңесшісі Йозеф Климент және ФИФА аймақтық үйлестірушісі Марко Ферри, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин ...

    Read More »