• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жекпе-жек түрлері

    Алатаудың ар жағынан алтын жүлделер әкеле жатыр

    Қырғызстанның Ош облысында джиу-джитсуден (не-ваза) өткен «Alay open»  халықаралық турнирінде қазақ спортшылары 15 алтын, 5 күміс және 5 қола медальді иеленді. Оған «Sagadat batyr QTT»  спорт клубынан 7 мен 17 жас аралығындағы 23, ал ересектерден 4 спортшы қатысты. Турнирде жасына қарамай, Жібек Құлымбетованың жеңімпаз атанғанын айта кеткен жөн. Жарыста ол қырғыз, өзбек, тәжік спортшыларын тізе бүктіріп, тағы да алтын жүлдені ...

    Read More »

    Талантты талант таниды

    Жақында грек-рим күресінен Қазақстанның жастар құрама командасы Үндістанның Дели қаласында өткен Азия чемпионатында еліміздің әнұранын екі рет ойнатып, көк байрағын жеті рет биіктен желбіретті. Осы белдесулерде жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Серік ЖҰМАШЕВТІҢ шәкірттері екі алтын мен бес қола медальді алып, жалпы командалық есепте 147 ұпаймен екінші орынды иеленді. Елімізге алтын жүлденің бірін 60 кило салмақ дәрежесінде күрескен Ғалым Қабдынасаров, екінші ...

    Read More »

    Қарт құрлықты қызықтырған қазақ күресі

    Қазақ күресінен Сербияның Зренянин қаласында өткен IV Еуропа чемпионатында кәрі құрлықтың 17 елінен келген палуандар үш күн бойы жеңіс  үшін жан аямай тартысқа түсті. Әсіресе, Болгария, Словения және Сербия мемлекеттерінің спортшылары таңғалдырды. Олар үш күн, үш түн жиылмай керіліп жатқан кілемнің шаңын қағып, қазақ күресінің қыры мен сырын жақсы үйреніп алғандарын көрсетті. Аламан жарыстың басталар күні төрешілермен семинар-кеңес болып өтті. ...

    Read More »

    Қазақ күресі: Еуропа төрешілері ережеге екпін түсірді

    Сербияның Зренянин қаласында қазақ күресінен  IV Еуропа чемпионаты басталар күннің алдында төрешілермен семинар-кеңес болып өтті. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастырумен өткелі отырған бұл аламан жарысқа  17 елден командалар келіп қатысуға ниет білдірді. Еуропа чемпионатында ерлер мен әйелдер  6 салмақ дәрежелері бойынша  төл күресімізден сынға түсетін болады. Бүгінгі күні Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының өрелі еңбегінің нәтижесінде әлемнің 5 құрлығында 30 астам ...

    Read More »

    Еуропада қазақ күресінен төртінші рет құрлықтық чемпионат өтеді

    1 маусым күні Еуропаның қарт Карпат тауларының етегінде жатқан Сербия елінің Зренянин қаласында  Дүниежүзілік қазақ  күресі  федерациясының  ұйымдастыруымен төл күресімізден төртінші рет ересектер арасындағы құрлықтық чемпионаттың туы көтеріледі. Бұл дода екі күн бойы өтіп, оған Еуропаның  17 елінен  110  спортшы  қатысады  деп  күтілуде. Чемпионатта алғаш рет әйелдер 6 және абсолюттік  салмақ  дәрежесінде  жекпе-жекке шығады. Ерлер  арасындағы  жарыс   7 салмақ  дәрежесі  ...

    Read More »

    Атырау жұрты Арманға ақ жол тіледі

    Аралас жекпе-жектен түрлі халықаралық турнирлерде еліміздің намысын қорғап, жеңіс биігінен көрініп жүрген Арман Әшімов 24 мамыр күні чемпиондық белдеу үшін айқасқа түседі. Қарсыласы – украиналық  Александр Доскальчук. Бұл айқаста Арман Әшімов пен Александр Доскальчук М-1 тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласады. Украин Доскальчук жарақатына байланысты спорттан жырақтап ем-дом алумен жүрді. Дегенмен де бабына келген оны осал деуге келмейді. Ол жекпе-жектен 8 айқас ...

    Read More »

    Абай атындағы Қаз ҰПУ – қазақ күресінің қолдаушысы

    16 мамыр күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90  жылдығына  орай  Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттері арасында жастар арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау, ұлттық спорт түрімен айналысатын жас палуандардың үлесін арттыру мақсатында төл күресімізден  «Университет барысы»  жарысы өткізілді. Ол білім ордасының күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан тұсауы кесілген спорт кешенінде жалауын көтерді. Аламан жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген университет ...

    Read More »

    Алматыға жауынгер палуандар жиналды

    Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде самбо және жауынгерлік самбодан республикалық ашық  турнир мәресіне жетті. Екі күнге ұласқан тартысты турнирге еліміздің белді палуандары мен Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь елінің өкілдері қатысты. 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған турнир тартысты өтті. Қазақстанның генералдар кеңесінің кубогы үшін ұйымдастырылған сайыста 200-ден аса палуан  белдесуге түсті. 9 салмақ дәрежесі ...

    Read More »

    Грузияда дзюдодан дүрмекті дода басталды

    30 наурыз – 1 сәуір аралығында Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі өтеді. Жарысқа Қазақстаннан 21 дзюдошы қатысады. Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан — Рустам Ибраев (60 кг), Бауыржан Жауынтаев (60 кг), Бауыржан Сағынғалиұлы (66 кг), Қайрат Ағыбаев (66 кг), Азамат Мұқанов (73 кг), Азиз Қалқаманұлы (81 кг), Қажымұқан Өтеулиев (81 кг), Сұңғат Закарияев (-90 кг), Жасұлан Мұхаметханов (-100 ...

    Read More »

    Алматыда студенттер каратэ-додан күш сынасты

    «Алматы Арена» спорт сарайында жастар мен жасөспірімдер арасында кекушинкай каратэ-додан  Қазақстан  Республикасының ашық чемпионаты болып өтті.  Қазақтың Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен  500-ге тарта спортшылар қатысып, жеңіс үшін жан аямай бар шеберіктерін көрсетті.  Алматылықтар осындай аламан жарысты хан сарайындай соғылған  су жаңа «Алматы Арена» төрінде тамашалауды көптен бері сағынып қалса керек. ...

    Read More »