• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жекпе-жек түрлері

    Қазақ күресі: төрешілер туралықтан таймайды

    Беларусь елінің бас қаласы Минскіде қазақ күресінен  VII әлем чемпионаты түңлігін түрді. Әлемнің 38  елінен палуандар жиналған дода бес салмақ дәрежесінде өтеді.  Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының  ұйытқы болуымен өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында төрешілерге арналған семинар ұйымдастырылды. Аталған федерацияның бас хатшысы Нұрлыбек Ермағамбетов шетелден келген командалардағы төрешілерге әлем чемпионаты кезінде қалай төрелік жасау керектігін түсіндірді. Экраннан арнайы дайындалған бейнежазба арқылы ...

    Read More »

    Ашғабад-2017: Қазақстан командалық есепте төртінші орынға көтерілді

    Бүгін Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында Қазақстан спортшылары өзбектерді басып озып, командалық есепте төртінші орынға көтерілді. Бірер сағат бұрын Өзбекстан мен Қазақстан спортшылары алтын медальдар саны жағынан теңескен болатын. Міне, көп ұзамай отандастарымыз ел қоржынына екі алтын медаль салып, өзбекстандықтарды бесінші орынға сырғытты. Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 25 алтын, 26 күміс, 33 қола ...

    Read More »

    Əлем чемпионатында қазақ палуандары екі күміс жүлдені иеленді

    Қазақстандық грек-рим күресі шеберлері араға он сегіз жыл салып әлем чемпионатындағы жетістігін қайталай алды. Парижде өткен дүбірлі додада қазақстандық палуандар екі күміс еншіледі. Қоржынға алғашқы күмісті 71 келі салмақтағы Демеу Жадыраев салды. 59 келідегі Мейрамбек Айнағұлов та финалға дейін қарсыласының бәрін жеңгенмен, ақтық белдесуде сәттілік жолдас болмай, күміс медальды қанағат тұтты. Бұл Қазақстан грек-рим күресі палуандарының ұзақ күткен медалі болатын. ...

    Read More »

    Азия таеквондошылары Атырауға келді

    Атырау қаласында бұрын-соңды болмаған дүбірлі дода жалауын көтерді. Таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты, жалпы Олимпиадалық спорт түрлерінен Атырау қаласында алғаш рет халықаралық жарыс өтуде. Құрлық біріншілігіне 25 ел өкілдері жиналған. 19-24 сәуір аралығында Атырау халқын ымырасыз бәсекелер мен қызықты қойылымдар күтіп тұр. Бүгін Атырау қаласын, жалпы Қазақстанды таныстыру мақсатында жарыс ұйымдастырушылары «Welcome party» кешін өткізді. Кешке бүкіл әлемдік Таеквондо федерациясының ...

    Read More »

    ЭКСПО аясында каратэ-додан Азия чемпионаты өтеді

    Елімізде тұңғыш рет каратэ-додан Азия чемпионаты өтеді. Дода 10-17 шілде күндері Астанада жалауын желбіретпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР каратэ-до федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елімізде тұңғыш рет өткелі тұрған біріншілікке байланысты кеше ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Жиын барысында беделді бәсекені жоғары деңгейде өткізуге қатысты бірнеше мәселе талқыланды. Жарысқа 30 елден 800-ден аса қонақ келеді. ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында өтетін біріншілікке ...

    Read More »