Қазақ күресінен екі дүркін Әлем, үш дүркін Азия чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Бауыржан Таубалдыұлы Тәліптің атындағы республикалық жарыс, төл күресіміздің ауыл-аймақтарда ерекше дамып келе жатқанының айрықша айғағы болды. Шымыр денелі, мінезі өткір, рухы мықты ауыл балалаларының ата күресімізге деген ықыласы жоғары. Өйткені бұл күрес ата-бабаларымыздан бері келе жатқан ұлттық өнеріміздің алтын көпірі. «Батыр туса ел ырысы», деген бір қанатты ...
Read More »Күрес
Талас Әшірханов — болашақ Олимпиада үміті
Талас Әшірханов — Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының тумасы. 2001 жылы дүниеге келген жас спортшы грек-рим күресімен 10 жасынан бері айналысып келеді. 2025 жылы 77 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында Қазақстан кубогының иегері атанып, ел спортының үмітін ақтаған балуан. Осы жылы Германияның Дортмунд қаласында өткен халықаралық іріктеу турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, неміс балуаны Роберт Фрицке ұпай санымен есе жіберіп, бесінші ...
Read More »Қошқар Дін-Мұхамед – тәжірибе мен табандылықтың үлгісі
13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жамбылдық балуан Қошқар Дін-Мұхамед 67 келі салмақ дәрежесінде күресті. Ол алғашқы айналымдарда сенімді күресіп, қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті. Армения өкілі, тәжірибелі балуан Славик Галстянға ұпай санымен есе жібергенімен, бұл дода Дін-Мұхамед үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Айта кетерлігі, бұл оның ересектер арасындағы екінші әлем ...
Read More »III ТМД елдері ойындары: Қазақстан қоржынына тағы жүлделер түсті
Әзербайжанның бірнеше қаласында III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр. Бүгін Қазақстан спортшылар бадминтон, нысана көздеу, семсерлесу мен күрес түрлерінен бақ сынап, жүлделі орыннан көрінді. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз: Пневматикалық винтовкамен нысана көздеу, 10 м: Қазақстан құрамасы (Александра Ле, Никита Шахторин) – күміс жүлде Еркін күрес: Риза Изахар (110 кг) – күміс медаль Пневматикалық тапаншамен нысана көздеу, 10 м: ...
Read More »Қала әкімі бокстан әлем чемпионына 40 млн теңге берді
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бокстан және күрес түрлерінен әлем чемпионаттарына қатысып, құрмет тұғырының биік сатысынан көрінген спортшыларды марапаттады. Ол әуелі ұлттық құраманың өкілдерін құттықтап, алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті. Содан кейін Алматының әкімі бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға 40 млн теңге, күміс жүлдегер Назым Қызайбайға 30 млн теңге, қола медалистер Елдана Талипова мен Виктория Графееваның әрқайсына 20 ...
Read More »Бота балуандардың бағын ашар турнир
Жапондар дзюдосын, кәрістер таеквондосын әлемге қалай танытқаны сияқты бізде өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі төл күресімізді төрткіл дүниеге кеңінен насихаттау жолында бар күш-жігерімізді, қолымыздан келген мүмкіндігімізді аянып қалмауымыз керек. Елімізде қазақ күресінің дамуы жолында өтетін дүбірлі жарыстар көп деп айта алмаспыз. Солардың бірі әрі бірегейі Райымбек Түкеұлы атында жасөпірімдер арасында республикалық дәстүрлі аламан жекпе-жек болып саналады. Батыр бабамыз Райымбек туған ...
Read More »XXI ғасырдағы алғашқы алтын медаль!
Тарихи медаль! Қазақстан XXI ғасырда араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевті (Өзбекстан) жеңді. Айдос Сұлтанғали елімізге 26 ...
Read More »Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді мен Нұрқожа Қайпанов – қола жүлдегер!
Бүгін еркін күрестен Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшысы Асылжан Есенгелді (-60 кг) жүлде жолында америкалық Джаксен Патрик Форресті жеңіп, қола медаль алды. Отандасымыз соңғы секундтарда ұпай алып, басым түсті. Ол екі жыл бұрын осы салмақта Албанияның Тирана қаласында өткен ...
Read More »Сайыпқыран: Қола жүлдені Жаудинов алды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділжан Жаудинов Болгарияның София қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Дзюдошы 90 келіден аса салмақ дәрежесінде финаға дейін жетті. Үшінші орын үшін белдесуде Жаудинов Чехия спортшысы Меличар Школаны жеңді. Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Мұхаммедәлі ...
Read More »Күрестен ӘЧ: Қазақстан төртінші жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады. Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ...
Read More »