• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    UFC

    Шавкат Рахмонов келесі жылға басты жоспарын айтты

    Аралас жекпе-жектің шебері Шавкат Рахмонов (17-0) келесі жылы UFC чемпиондық атағын жеңіп алғысы келетінін ашып айтты. Мен келесі жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп, Қазақстанға қайту, — деді ол The MMA Hour-ға берген сұхбатында. Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді. Бұл жерде ол америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) октогонға шығады. ...

    Read More »

    Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды

    Белгілі файтер Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының перзиденті, меценат Кеңес Рақышев айтты. Біздің Rukh атты клубымызға UFC-тің тағы бір жауынгері қосылды. Сіздерге қазақ батыры Жалғас Жұмағұловты ерекше таныстырудың қажеті жоқ: көпшіліктің сүйіктісі, ашық мінезді және шынайы жігіт Жалғас керемет жекпе-жектер мен әдемі жеңістерді көрсету мүмкіндігін асыға күтуде. Дамир Ысмағұлов, Жәнібек Әлімханұлы мен Садриддин Ахмедов сияқты ...

    Read More »

    «Оның ақысын жеді»: Трамп Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі туралы (ВИДЕО)

    АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп UFC ұйымының YouTube-тегі арнасына берген сұхбатында боксшылар Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегіндегі төрешілердің әділетсіздігі туралы айтты. Сосын ол қазақстандық былғары қолғап шеберімен қалай танысқанын да айтып берді. Сұхбатта YouTube-тегі арнасының жүргізушісі  Джим Нортонның: «Төрешілердің шешімі әділ болды ма?», деген сұрағына Трамп: «Білесіз бе, оның (Головкин, — ред.) басқа боксшылардан айырмашылығы көрініп тұрды. Мен оның ...

    Read More »

    Дамир Ысмағұлов UFC-мен келісімшартын аяқтады

    UFC файтері Дамир Ысмағұлов ұйыммен келісімшартын аяқтап, жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингтен ресми түрде шығып кетті. Шілде айында Ысмағұлов UFC турнирінде Грант Доусонмен жекпе-жекке шығып, төрешілер шешіммен жеңіліп қалған соң, промоушендер тізімінен шығарылды. Бұған дейін ол рейтингте 14-орында болса, енді оның орнына Мэтт Фревола шықты. 15-орынға рейтингке жаңа қосылған Диего Феррейра орналасты. UFC жеңіл салмақтағы үздік үштікке Чарльз Оливейра, Дастин Порье ...

    Read More »

    Француз тілінде Рахмоновқа арналған рэп шықты (ВИДЕО)

    Франциялық рэпер Freeze Corleone белгілі файтер, жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа арнап рэп стиліндегі ән шығарды. Бұл туралы Ресейдің Sports.ru сайты хабарлады. Ән Mangemort Squad деген YouTube желісін пайдаланушының аккаунтында жарияланды. Әннің аты —  Shavkat деп аталады. Оны 10 сағатта 417 мың адам қарап үлгеріпті. Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Кевин Гастелумға қарсы ...

    Read More »

    Хамзат Чимаев Шавкат Рахмоновты «мысыққа» теңеді

    Тегі шешен швециялық файтер Хамзат Чимаев Instagram-да Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді. Желі қолданушылардың бірі: «Чимаев, бауырым, сен нақты айтшы, өтініш. Қазақтың жолбарысы Шавкат Рахмоновпен айқасқа шығудан қорқасың ба?», — деп төтесінен сұрақ қойған. Оған Чимаев: «Бөрілер мысықтан қорықпайды. Қазақ, осыны ұмытпа!», — деп жауап қайтарған. Бұған дейін хабарланғандай, UFC-дің файтерлері Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев Instagram әлеуметтік ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов UFC тізіміндегі орнынан айырылды

    Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) уақытынан бұрын жеңген кездесулері бойынша UFC файтерлері арасындағы орнын сақтап қала алмады. Ол енді рейтингте бірінші орында тұрған жоқ. Бұған дейін Рахмонов бірінші орында болған еді. Ол қатарынан бес рет жеңіске жетіп, рейтингте бірінші орынға шыққан болатын.  Ал қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды. Ресейлік шебер қатарынан алты рет жекпе-жекке шығып, ...

    Read More »

    Хабиб Нурмагомедов жекпе-жекке қайтып шығатынын айтты

    UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жақын арада үлкен спортқа қайта оралатынын айтты. Ол әлеуметтік желіде жүгіру спорт жолағында жасаған жаттығудан видео жариялап, жекпе-жекке шілде айына дейін дайын болуы керектігін айтты. Бірақ ММА емес, — деді ол. Спортшы жекпе-жек туралы ешқандай мәлімет бермеді. Хабиб Нурмагомедов өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың күзінде өткізіп, америкалық спортшы Джастин Гэтджиді жеңді. Ол 2020 жылдың шілде ...

    Read More »

    Рахмоновтың ізімен: тағы бір қазақ файтері UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-мен келісімшарт жасасты.  Бұл туралы Dar Team командасының PR-менеджері Зарина Буенбаева мәлімдеді. 29 жастағы Алмабаев ММА-де 16 мәрте жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. 2022 жылы BRAVE Combat Federation нұсқасы бойынша үздік файтер атанған. Алмабаев Шавкат Рахмоновтың командасында жұмыс істейді: ол соңғы жекпе-жекке дейін Рахмоновтың жаттығу процесіне қатысып, секунданты болды.   Нұрдәулет КЕНЖЕБАЙ, АСТАНА     ...

    Read More »