• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/shavkatrakhmonov94

    Шавкат Рахмонов: «Басқа тілде сөйлей алмасам, ұялмаймын. Менің ана тілім – қазақ тілі» (ВИДЕО)

    Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 296 турнирі болды. Онда аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов ММА-да он сегізінші кәсіпқой жекпе-жегін өткізіп, ал UFC-де алтыншы рет октагонға шығып, жеңіске жетті.

    Қазақстан файтері екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңді. Америкалық жекпе-жек шебері қазақ файтерінің әдісіне түсіп қалып, тұншығып қала жаздады. Рахмонов оны қылқындырып жатқанда Томпсон қолымен жеңілгенін мойындап, белгі берді. Осылайша, қазақ жекпе-жек шебері әлі бірде-бір рет жеңілмей келеді. Стивен Томпсон болса, кәсіпқой ММА мансабында жетінші рет жеңілді.

    Осы айқастан кейін Шавкат Рахмонов тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Баспасөз мәслихатында ол «Неге осы сіз ана тіліңізде ғана сөйлей бересіз?», деген сыңайдағы журналистердің сұрағына былай деді:

    Мен басқа тілді білмегеніме ұялмаймын! Тек қазақша жақсы сөйлесем болды! Басқасы қызықтырмайды! Менің ана тілім — қазақ тілі!, — деді ол.

    Бүгін таң азанымен АҚШ-тан жеткен ақжолтай хабар бүкіл қазақ елін қуантты. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев та атақты спортшыны құттықтап, алдағы турнирлерде де сәтті өнер көрсетуін тіледі.

    40 жастағы америкалық спортшы Стивен Томпсон бүгінге дейін өзінің спорттық мансабында 24 рет октагонға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Ал Шавқат Рахмоновтың жүріп өткен жолы жанкүйерлердің көз алдында. 29 жастағы отандасымыз 2014 жылдан бері аралас жекпе-жекпен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында 17 рет айқас алаңына шығып, барлық жекпе-жекті айқын басымдықпен жеңді. 8 қарсыласын мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Бұл – Рахмоновтың 18-жеңісі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *