Алматыдағы «Корона» бильярд клубында «Отбасы және Ардагерлер арасында спортты қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Нағыз ардагерлер» халықаралық жарысы аяқталды.
Оған еліміздің бірнеше облысынан және Қырғыз Республикасынан екі команда, барлығы 9 команда қатысып, жекелей-командалық жарыс өткізді.
Бұл жарыстың бас серіктесі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры» компаниясы, ал серіктесі Туризм және спорт индустрия қоры болды.
Командалық жарыста Шымент қаласының «Тұран» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Бішкек қаласының «Манас» клубы, үшінші орынды Бішкектің тағы бір «Алатоо» деген командасы иеленді.
Жекелей біріншілікте (Жұптасып ойнау) бас жүлдені Жүнісбаев-Ли дуэті жеңіп алды. Екінші орынға ақтөбелік Дауқұлов-Қасымбаев жұбы, ал үшінші орынға Қайымсұлтанов-Қалдыбаев тандемі ие болды.
Жарысқа ақпараттық қолдауды Qazsport телеарнасы, Jas qazaq газеті мен SportPress.kz сайты көрсетті.
Өз тілшімізден