• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    Бокс: чемпионатта бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасында ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде бір қазақстандық жеңіліске ұшырады. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 54, 60, 67, 71 келіге дейінгі салмақтардағы атлеттер өзара күш сынасты. Шайқастар күндізгі және кешкі сессиялар болып, екіге бөлініп өткізілді. Күндізгі сессия 14:00-17:00 сағат аралығында, кешкі сессия 18:00-21:30 сағат аралығында шаршы алаңды шайқады. Бізден 60 келіге дейінгі салмақтағы Талғат Сырымбетов қана рингке шықты. ...

    Read More »

    Қазақ-өзбек жекпе-жегі: Сағындық Тоғамбай Шохжахон Абдуллаев қолғап түйістіреді

    Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының алғашқы жекпе-жегі болады. Кеше қарсыласын нокаутпен жеңген 86 келі салмақта Сағындық Тоғамбай 1/8 финалда шаршы алаңның иесі, Өзбекстанның чемпионы Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады. Өзбекстанның өкілі кәсіпқойда өнер көрестеді. Ол — жастар арасындағы Азия чемпионы. Абдуллаев әлем чемпионатының бірінші кездесуінде қырғызстандық Еркин Адылбековтен басым түсті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Бүгін тағы екі боксшымыз жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы екі былғары қолғап шеберіміз шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті. Әуелі 1/16 финалындың жекпе-жегінде рингке 86 кг салмақтағы Сағындық Тоғамбай көтерілді. Ол Конго өкілі  Натан Нланду Мбелиді екі рет нокдаунға жіберіп, одан соң нокаутқа түсірді. Бұл кездесуде төрешісі Африка өкілінің екі рет нокдаунға түсуіне байланысты үш рет есеп ашты. ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасына өзгеріс енгізілді

    1 мамырда Өзбекстан Республикасының астанасы -Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Оның ашылу рәсімі «Хумо Арена» спорт кешенінде болып, оған осы елдің премьер-министрі Абдулла Арипов, Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев, Өзбекстанның Жастар саясаты және спорт министрі Адхам Икромов пен басқа да чемпионатқа жауапты адамдар қатысты. Осы күні жарысқа әлемнің 140 елінен келген былғары қолғап шеберлері жеребе ...

    Read More »

     Бокстан Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатындағы Қазақстан боксшыларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Дүбірлі додада отандастарымыз 13 салмақта бақ сынайды. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды белгілі спортшылар бар. 48 келі. Санжар Тәшкенбай — Рабин Тхапа (Непал) / Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан) 51 келі. Сәкен Бибосынов — Луис Дельгадо (Эквадор) / Дипак Бхория (Үндістан) 54 келі ...

    Read More »

    Ангелина Лукас WBC International чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Боксшы Ангелина Лукас Түркияның астанасы — Ыстамбұлда өткен титулдық жекпе-жекте мексикалық Ана Аррасоланы жеңді. Бұл жеңіл салмақтағы WBC International титулына арналған жекпе-жек болды. 10 раундтың соңында сәттілік Ангелина Лукас жағында болды. Оған төрешілердің шешімімен жеңіс бұйырды. Боксшының бұл жеңісі — кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісі. Ангелина Лукас бір жарым жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр. Ол осы WBC International титулды ...

    Read More »

    Фируза Шарипова ресейлік қарсыласын 13 секундта есеңгіретіп тастады (ВИДЕО)

    Алматыдағы OCTAGON 44 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде аса жеңіл салмақта бокстан IBA және WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова жеңіске жетті. Ол ресейлік Илона Бондаренкомен кездесіп, жойқын соққыларымен қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.   Еркеғали БЕЙСЕНОВ, АСТАНА     View this post on Instagram   A post shared by OCTAGON (@octagonleague)

    Read More »

    Әлем чемпионатына баратын боксшылар анықталды

    Бокстан 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында жалауы желбірейтін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстаның ұлттық құрама командасының тізімі анықталды. Бұған дейін хабарланғандай, осы күндері ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Сонымен Өзбекстанның астанасына Қазақстан құрамасының мына былғары қолғап шеберлері аттанады. Санжар Тәшкенбай (48 кг) Сәкен Бибосынов (51 кг) Махмұд Сабырхан (54 кг) Серік ...

    Read More »

    Қазақ қызы бокстан Моңғолияның чемпионы атанды

    Моңғолияның астанасы — Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы бас жүлдені жеңіп алды. Ол қыздар арасында өткен жекпе-жектерде қарсыластарын қиналмай ұтып, осымен екінші рет ел чемпионы атанды. Бұған дейін Зейнеп Әзімбайқызы 2022 жылы ересектер және жастар арасында ел чемпионы атанған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатының кестесі жарияланды

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды. 30 сәуірде жеребе тарту (Астана уақыты бойынша сағат 17.00-18.00) және турнирдің салтанатты ашылу рәсімі (сағат 20.00-22.00) өтеді. 1-10 мамыр аралығында алдын ала жекпе-жектер болады. Күндізгі сессия 14.00-де, кешкі сессия 19.00-де басталады. Жартылай финалдық кездесулер 12 мамырда өтеді (15.00-18.00, 19.00-22.30). 13 және 14 мамырда финал ...

    Read More »