• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Головкин Қазақстанға оралып, алғашқы фотосын жариялады

    Бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға оралғаннан кейінгі алғашқы фотосын жариялады.

    Ол дастархан басында отырып, қазақтың ұлттық тағамдары қойылған фотосуретті жариялап, Instagram-дағы геолокациясын «Қазақстан» деп көрсеткен.

    Дастархан басында. Үйде жақсы екен, — деп жазды ол.

    Бұған дейін боксшы Сұлтан Зәуірбек әуежайда Геннадий Головкинмен түскен фотосын жариялап, елге бірге бара жатқанын жазған еді.

    Гена ағамызбен елге қайттық, — деген еді ол сол кезде.

    Әзірше Головкин елге келісімен алдағы жоспары туралы айтпады.  Ол соңғы рет мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы үш рет жекпе-жек өткізген болатын. Сол кезде Головкин үш кездесудің біреуінде Альвареспен тең түссе, екеуінде төрешілердің шешімімен мексикалықтан жеңілген еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *