Ақтөбеде ел ағалары жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған жас балуан Жаңажол Қуанышбекке бір үйір жылқы сыйлады. Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Грекияның Афина қаласында әлем чемпионы атанған еді. Ол 45 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Соның құрметіне Ақтөбе облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жас балуанға бір үйір жылқы тарту етті. ...
Read More »Tag Archives: грек-рим күресі
Жаңажол Қуанышбек — грек-рим күресінен әлем чемпионы!
Грекияның астанасы — Афина қаласында жасөспірімдерарасында грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатынан қуанышты хабар келіп жетті. U17 әлемдік додасының үшінші күнінде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Жаңажол Қуанышбек 45 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иегері атанды. Жаңажол Қуанышбектің әлем чемпионы атағын жеңіп алғанына «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық ...
Read More »Грек-рим күресінен ӘЧ: Қазақстан балуандары тағы екі жүлде алды
Грекияның астанасы — Афина қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс, бір қола жүлде түсті. Бұл жолы Асқар Нұрәли (55 кг) күміс жүлдегер атанса, Шамил Досбол (65 кг) қола медальді иеленді. Бұған дейін осы дүрмекті додада Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) финалда қарсыласынан жеңіліп, екінші орын алған еді. Енді Жаңажол ...
Read More »Күрестен жастар арасындағы АЧ: Қазақстан балуандары жеті жүлде алды
Қырғызстанның астанасы — Бішкек қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Осы сында еркін күрестен жалғыз алтын жүлде 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек жеңіп алды. Ал Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Камиль Куруглиев (97 келіге дейін) күміс медальге ие болса, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) пен Алан Оралбек (61 келіге дейін) қола жүлдені қанағат тұтты. Сонымен бірге әйелдер ...
Read More »Грек-рим күресінен АЧ: Қазақстан жастар арасында екі алтын жүлде жеңіп алды
9-10 шілде аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен жастар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан балуандары екі алтын жүлдені жеңіп алды. Одан басқа бір күміс, үш қола медальді иеленді. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын құрмет тұғырының биік сатысына көтерілсе, одан кейін оның жолын 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев қайталады. Ол да жастар арасында Азия чемпионы атанды. 77 келіге дейінгі ...
Read More »Грек-рим күресінен АЧ: Қазақстан балуандары бес алтын жүлде алды
Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында қазақстандық балуандар тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясы. Отандастарымыз құрлықтық додада бес алтын, төрт күміс медальге ие болды. Осы жетістіктің арқасында құрама құрлықтық біріншілікте жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Алтын медаль Нұрислам Пахитжан (38 кг) Әли Алмас (41 кг) Диар Аманәлі (48 кг) Самға Ермек (52 ...
Read More »U23 Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары топ жарды
Вьетнамның Вунгтау қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U23 жас санатындағы Азия чемпионатында басқа салмақтағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін ерлер 4 салмақта сынға түсті. Соның ішінде Қазақстан командасына 2 жүлде бұйырды. Алтын медальді Ерасыл Мамырбеков (-55 кг), күміс жүлдені Мақсат Сайлау (-87 кг) алды. Сөйтіп, грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ұлттық ...
Read More »U23 Азия чемпионаты: Қазақстан бірінші күні-ақ алты медаль алды
Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Чемпионаттың бірінші күні Қазақстан балуандары елімізді қуантты. Олар жарыс басталимай жатып, бір емес, алтын бірдей жүлдені жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын медаль! Азия чемпионатында Исхар Құрбаев (60 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін) бен Ақжан Ықыласов (77 келіге дейін) құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Юсуф Мациев (97 ...
Read More »Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы тағайындалды
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресі Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Осы қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді командада бас жаттықтырушының кеңесшісі ретінде жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен еліміз грек-рим күресінен Париж Олимпиадасы (Демеу Жадыраев) мен былтырғы ...
Read More »Грек-рим күресінен Қазақстан кубогының иегерлері анықталды
Астанада грек-рим кұресінен Қазақстан кубогының 5 салмақтағы иегерлері анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 55 кг: Алтын – Марлан Мұқашев (Астана қаласы) Күміс – Алпамыс Дастанбек (Қызылорда обл.) Қола – Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу обл) Қола – Бауыржан Садвокасов (СҚО) 60 кг: Алтын – Айдос Сұлтанғали (Қызылорда обл.) Күміс – Ғалым Қабдунасаров (Жетісу обл.) Қола ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары