• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Азиада

    Ел дзюдосының ертеңдері!

    Азия ойындарында үш қола жүлде ғана иеленіп, елге оралған Қазақстан дзюдошылар командасын мен осылай атадым …Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары ә дегенше бел ортадан асып барады.  Ханчжоуға келгенше жан-жақтан сәуегейсінген спорт түрлеріміздің көбісі биігінен төмен болып, еңсені тіктетпей тұр.  Солардың ішіндегі үміт артқан спорт түрлерінің бірі ерлер дзюдосы еді.  Әрине, бұл спорт түрінен Шығыс Азияның үш командасының — Қытай, Корея, ...

    Read More »

    Таңдай білу де өнер!

    Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары аяқталуға таяған сайын басшы да, қосшы да бары мен жоғын түгендеп, табысы мен кемшілігін сараптап жатуы заңды. Әуелде Ойындарға аттанғанда осымыз дұрыс деп қабылдаған шешімдерінің Ойындар барысында қабырғасы сөгіліп, тұмсығымен жер сүзген шешімдеріне кінәлі іздеп,жер тепкілеп жатқандары да жоқ емес.   Бұл — үлкен шаруаның бәріне тән қорытынды. Біз де Ойындар толық аяқталмаса да болған оқиғалардан сүзіп ...

    Read More »

    Бұл қазақ жүгірмейтін болған ба?!

    Қандай ірі жарысқа барсам да оның 100 метрлік бәсекесіне бас сұқпай кеткен емеспін.  Өзім көрген Олимпиадаларымда тап солай.  Азия ойындарында тап солай.  Бірақ, …нәтиже де тап солай.  Ханчжоудағы 100 метрлік жарыстың финалында кім жүгірмеді…  Вьетнам қызы да, Таиланд қызы да, Индонезия қызы да, Бахрейн қызы да, Иран қызы да жүгірді  Тек қазақ қызы ғана жүгірген жоқ.  Тіпті, қазақстандық жеңіл атлет ...

    Read More »

    Үйрет те ізгілікке үйрен (ФОТО)

    (Ұстазым менің ұстазым) Бүгін еліміздің әр аймағында мұғалімдер күні аталып өтіп жатыр. «Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», деген екен  хакім Абай. Бар ғұмырын бала тәрбелеп ұстаздық еткен жандардың еңбегі адал, ісі беркелі-деп айтамыз. Күн қатып отбасын жайына қойып, оқушыларының жайын-қамын ойлап, білім беріп жүрген мұғалімдерге мың алғыс. «Ұстазсыз шәкірт тұл», деген ...

    Read More »

    Біреуге қараған күнің құрысын…

    Азия ойындарындағы медалі ең көп спорт түрі — жеңіл атлетика.  Жалпы медальдар жиынтығы ең көп жарыс — жеңіл атлетика жарысы.  Біздің ел кешенді үлкен жарыстарда бұл мәселені үнемі есте ұстап жүретін.  Кешегі Токио Олимпиадасы мен бұл Ханчжоудағы XIX Азия ойындарында осы дәстүрден жаңылғандаймыз ба, қалай…  Біріншіден, Ханчжоуға небәрі 20-дай ғана жеңіл атлет әкелдік.  Есесіне, Е-спорт дей ме, аты-жөні белгісіз бір спорт түрінен 30-ға ...

    Read More »

    Дені саудың … медалі көп!!!

    Бұл төмендегі әңгімеге ұйып отырып, өзім шығарған мәтел ғана …Қытайдың Ханжоу қаласында өтетін XIX Азия ойындарына қос ат жегіп, яғни, қос самолет тізгіндеп аттанған Қазақстан ұлттық құрама командасының екінші ұшағына аяқ артқан кезде бір қатар алдымда отырған жүзі жылы жігіт: «Аға, менің орныма отырыңыз, Сізге ыңғайлы болады. Мында аяқ созып отыруға болады екен…» дегені. Өзім де ол қатардың алдында қатар ...

    Read More »

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы – Азиаданың күміс жүлдегері!

    Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов квартеті сары құрлықтың басты жарысында Жапония құрамасына 36:35 есебімен есе жіберді. Есеп 31:31 болып тұрғанда шешуші дуэльде Эльмир Әлімжанов пен жекелей сынның жеңімпазы Коки Кано семсерлерін түйістірді. Бұл айқас та тең аяқталды ...

    Read More »

    XIX Азиада: боксшы Cағындық Тоғамбай қарсыласын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

    Азиадада 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан боксшы Cағындық Тоғамбай Иран елінің спортшысы Туфан Шарифиді алғашқы раундта нокаутқа түсіріп, жартылай финалға шықты. Осылайша, ол құрлық ойындарында кемі қола медальге ие болады. Оның ендігі қарсыласы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, өзбекстандық Лазизбек Муллажоновты жеңген Қытай боксшысы. Cағындық Тоғамбай алғашқы жекпе-жегінде моңғолиялық Бариахаан Доржды уақытынан бұрын жеңген. Еске сала кетсек, ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстан спортшылары суға жүзуден финалға шықты

    Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары финалға шықты. 800 метр қашықтыққа еркін жүзу сайысының іріктеу кезеңінде Диана Тасжанова 8:48.46 уақыт көрсеткішімен бірінші орын алып, финалға жолдама алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Сондай-ақ, 4×100 метр қашықтыққа эстафеталық кешенді жүзу сайысында Қазақстанның әйелдер құрамасы 4:11.93 уақыт көрсеткішімен алтын орын алып, финалға шықты. Әйелдер құрамасында Диана Тасжанова, ...

    Read More »

    Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

    Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін  иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты 1:52:25. Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого  Одакураға(1:51:49) бұйырды.   ФОТО: Туризм және ...

    Read More »