• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Азия ойындары

    XIX Азия ойындары: спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері жарияланды

    Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялады. Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Азия ойындарының күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Бокс федерациясы жүлдегер споршыға сыйақы береді (ВИДЕО)

    Қазақстан бокс федерациясы президенті Кеңес Рақышев  Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында жүлде алған әйелдер құрамасына сыйақы тапсыратынын айтты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. Бүгін бас жаттықтырушы Шамиль Сафиулин бастаған бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқылардың бірі болып Қытайға аттанды. Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындары қарсаңында ұлттық құрама жергілікті және Тәжікстан боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Өзбекстан бокс құрамасын жариялады

    Бокстан Өзбекстан ұлттық құрама командасы 23 қыркүйек мен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың есімін жариялады. Бұл турнир Париж Олимпиадасына жолдама береді. Сонымен бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасы Азия ойындарына мына құрамда қатысады: Ерлер: -51 кг: Хасанбой Дусматов -57 кг: Абдумалик Халоков -63,5 кг: Руслан Абдуллаев -71 кг: Асадхужа Муйдинхужаев -80 кг: Турабек Хабибуллаев -92 ...

    Read More »

    Қытайда 2025 жылғы Қысқы Азия ойындары өтеді

    Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында құрлықта өтетін бірқатар ірі жарыстар туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, биылғы жылдың қарашасында Таиландтың Бангкок пен Чонбури қалаларында өтетін жабық ғимараттағы және жекпе-жек өнері бойынша VI Азия ойындары 2024 жылдың ақпан-наурыз айларына шегерілді. Қытайдың Харбин қаласы 2025 жылы өтетін IX Қысқы Азия ойындарын өткізетін болып шешілді. 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын ...

    Read More »

    Қытайда XIX Азия ойындарының алауы тұтанды

    Бүгін Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Лянчжу қаласында XIX Азия ойындарының алауы жағылды. ҚазАқпараттың ҚХР-дағы меншікті тілшісінің хабарлауынша, алау ресми түрде 2022 жылғы XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанында тұтанды. Биылғы Ойындар Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында болады. Бұл жарыс былтыр 10-25 қыркүйегі аралығында болуы керек еді. Алайда ол коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты кейінге шегерілді. Қытайда Азия ойындары осымен үшінші ...

    Read More »

    Ресей мен Беларуське Азия ойындарына қатысу ұсынылды

    Азияның Олимпиада кеңесі Ресей мен Беларусь еліне 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайда өтетін Азия ойындарына қатысуды ұсынды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды. «Азияның Олимпиада кеңесі спортты жер-жүзін біріктіретін күші бар екенін айтап отырып, барлық спортшының ұлты мен төлқұжатына қарамастан жарыстарға қатысатын мүмкіндігі болуы керек деп есептейді. Ұйым Ресей мен Беларусь спортшыларына Азияда өтетін жарыстарға, оның ішінде Азия ойындарына қатысуды ...

    Read More »

    Азия ойындарына қатысқым келеді – Жібек Құламбаева

    Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жылды қорытындылап, алдағы ой-жоспары жөнінде Қазақстан теннис федерацисы баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді. Ол келесі жылы Азия ойындарында бақ сынап, ел намысын қорғағысы келетінін айтты. -Жібек, дүниежүзілік рейтингте жекелей сында 441-орында тұрсың. Жұптық сын сенің оң жамбасыңа келетін секілді. Қазір 201-сатыдасың. Алдымен өткен маусым несімен есте қалды? Соны айтып бересің бе? -Жалпы, маусым ...

    Read More »

    Азия ойындары қазақ күресін құшағына алды

    Осыдан 10-20  жыл бұрын қазақ күресінің Азия ойындарына кіргелі жатыр десе ешкім сенбеген болар еді. Міне, Аллаға шүкір қазағымның ұлттық күресі Азиада бағдарламасынан ойып тұрып орын алып, Алаш жұртының сан жылдар бойы арман еткен тілеуі орындалып отыр. «Қазақ күресінің Азия ойындарында не бар? Одан не ұтады?», – дейтұғын жандар да ел ішінен табылып жатты. Жалпы айтқанда, қазақ күресі өз тарихында ...

    Read More »