8 наурыз — Әйелдердің халықаралық күні Бүгінде 8 наурыз жай ғана мереке емес, жақын жандарға шынайы қамқорлық көрсететін күнге айналып келеді. Қазір адамдар жай символикалық сыйлықтан гөрі көңіл—күй сыйлайтын, денсаулыққа пайдалы әрі шын мәнінде қажет болатын тартуды таңдауға тырысады. Биыл халық өз-өзіне күтім жасауға көп көңіл бөліп жатыр. Сондықтан қазір ең бағалы сыйлық — пайдалы, адамның өмірін жеңілдететін және ерекше әсер ...
Read More »Tag Archives: Алматы
Алматы жастары киберспорттан жарысты
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Real компьютерлік клубында Social project management орталығының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир болды. Оған «Байсат», «Кенжехан», «Алтын орда», «Салем» «Өжет», «Арыстан» мен басқа да базарлардан 30 ойыншы қатысты. Турнирге киберспорт мамандары төрелік жасады. Киберспорттың түрі көп екені белгілі. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ұйғарымымен турнир ойыны ретінде киберспорттың FIFA 25 нұсқасы таңдалды. ...
Read More »Берекелі бастама
«Жақсы істің басына жақсы келер қасына» демекші, Алматы қаласында таеквандо спортынан жаңадан шаңырағы көтерілген Халықаралық қоғамдық одақтың ресми ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған алқалы отырысқа осы спорт түрінен ел елге танымал ардагер жаттықтырушылар мен Желтоқсан батырлары келіп қатысты. Осылайша, жақсы бір игі істің тұсауы кесіліп жатқанда Желтоқсан батырлары да шет қалмай келіп қолдау көрсеткендері көңілге қонады. Өйткені, тәуелсіздігімізді жеңіп алып берген ...
Read More »Жаны саудың тәні сау Спартакиадасы
Халық арасында «Спорт денсаулықтың кепілі», деген тәлсім бар. Спортпен айналысып, денсаулығын жақсарту жолында әрекет жасап жүрген жандарды көріп риза болатынымыз рас. Өйткені олар өз денсаулығын сауықтыру арқылы айналаға үлгі-өнеге болады. Негізі өмірін спортпен өрнектеген жандар үшін күн сайынғы жаттығудан алған шеберліктерін жарыстарда бір сынап тұрудың да маңызы зор. Өткен аптаның аяғында Алматыдағы К. Ахметов атындағы Олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат ...
Read More »Шипажайдағы қысқы демалыстың артықшылықтары
Көпшілік толыққанды демалыс пен жақсы тынығу тек жаз мезгілінде ғана мүмкін деп ойлайды. Алайда қыс мезгілі шипажайға барып демалуға қолайлы уақыт. Бұл — тыныштық, жайлылық пен қалпына келу кезеңі. Қысқы демалыс күнделікті күйбеңнен алыстап, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік береді. Қыс мезгіліндегі шипажайдағы демалыстың ерекшеліктері мен оны таңдаудың себептеріне тоқталайық. Қолжетімділік Шипажайдағы қысқы демалыс 24 айға дейінгі бөліп төлеу мүмкіндігінің арқасында одан ...
Read More »«Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» халықаралық көрмесі
Алматыдағы «Атакент» іскерлік орталығындағы «Бақшарасайда» «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» халықаралық көрмесі өтті. Өндірістің барлық саласын қамтитын және іскерлік орта өкілдерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бұл шараға Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің барлығы дерлік қатысты. Ол алдағы уақытта дәстүрлі түрде әр елде өз жалғасын таппақ. Еуразия елдерінің мәдени, тарихи, қолөнер және туристік әлеуетін біріктіруге арналған бұл шараны елімізде Қазақстанның туризм индустриясы ұлттық қауымдастығы ...
Read More »Қанат Ислам шаршы алаңға қайтып шығады
Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Қытайдың екі дүркін чемпионы Қанат Ислам (29-1-0,22КО) ұзақ уақыттан кейін шаршы алаңға қайтып шығатынын айтты. Ол Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен болатын кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Әзірше оның қарсыласы кім екені белгісіз. Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ислам 29 жекпе-жекке шығып, 28 рет жеңіп, біреуінде ғана жеңілген. Қанат Ислам соңғы рет 2022 жылы ...
Read More »Бала денсаулығы маңызды
Алматыда Orzax халықаралық педиатрия конференциясы өтті. Оған бауырлас түрік елінің білікті де майталман дәрігерлері мен ғалымдары қатысты. Orzax компаниясы, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен конференцияға атақты ғалымдар, тәжірибелі педиатрлар мен балалар хирургтарымен қатар Қазақстаннан және шетелден 100-ден астам спикерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Түркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – ORZAX бүгінгі таңда биологиялық белсенді қоспалардың 200 түрін өндіріп, әлемнің ...
Read More »Адал еңбектің абыройы асқақ
Ел үшін еткен еңбек ешқашан елеусіз қаламайды. Әрбір салада өз ісіне адал, еңбекқор жандар әрқашанда көпшіліктің алғысына бөленіп, өз ортасына қадірлі болады. Ал спорт саласына келсек, өз ісінің маманы болып бар ғұмырын спортқа арнап жемісін, жетістігін көрген адамдарды көріп тәнті боларымыз анық. Сондай жанның бірі, бірегейі марқұм Амангелді Смағұлұлы еді. Амангелді Смағұлұлы 1941 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Сұлукөл ауылында ...
Read More »Әлімжетіктің соңы – жаза
Алматыда «Қазақстандағы қауіпсіз мектеп: миф пе, әлде шындық па?» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Басқосуда балалар мен жасөспірімдердің өзекті мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда балалар суициді мен мектептегі буллинг, Қазақстан үшін әлі де өзекті мәселе болып отыр. Баспасөз мәслихатында мемлекет тарапынан осы мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ бағдарламалардың авторлары мен жүзеге асырушы өкілдердің, мектеп қызметкерлері мен азаматтық сектор өкілдерінің ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары