• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Алматы

    Белгілі қаламгер Ғалым Сүлейменов өмірден өтті

    Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, спорт журналисі Ғалым Қамашұлы Сүлейменов өмірден өтті. Ғалым Сүлейменов 1975 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында туған. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1994 жылы журналистік жолын «Өркен-Горизонт» газетінде бастап, «Сақшы», «На страже» басылымдарында жұмыс істеді. 1996–2004 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде спорт шолушысы болып қызмет етті. 2004 жылы «Sports&kz» газетінің бас ...

    Read More »

    Елена Рыбакина елге келе жатыр

    Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Астана мен Алматы қалаларына барып, жас спортшыларға шеберлік сабақтарын береді. Рыбакина елде бір апта болады. Осы уақытта ол балаларға шеберлік сабақтарын беріп, өз тәжірибесімен бөліседі. Содан кейін  жанкүйерлермен кездеседі. Сонымен қатар, спортшы Цинциннатиде өткен WTA 1000 санатындағы турнирде алған Ахилл сіңірінің жарақатына байланысты медициналық тексеруден өтеді. Дәл осы жарақаттың салдарынан теннисші аталған турнирдің ширек ...

    Read More »

    ҚПЛ: «Қайрат» Орталық стадионда «Тобылдан» ойсырай жеңілді

    Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХVІ турында «Қайрат» клубы өз алаңында Қостанай қаласының «Тобыл» командасымен ойнап, ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz. Командалардың бірінші матчы 11 сәуірде Қостанайда болған еді. Осы ойында қарсыластар 1:1 есебімен тең тарқасып, бір-бірінен бір ұпайды ғана жұлып алған болатын. Сол кезде «Тобыл» алты рет ойын ережесін бұзып, бір матчта алты сары қағаз алып, жасыл алаңнан әрең дегенде аяқтарын ...

    Read More »

    Көңіл көңілден су ішеді

    Ең көне дене шынықтыру-спорт қоғамы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді. Бүгін айналаға үлгі болатын іс-шара «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігінің шаңырағында болып, балалар шад-шадыман көңіл-күймен мектептеріне аттанды. Бұл жолы Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің отбасыларына ерекше көңіл бөлінді. Қоғамның Алматыдағы «Динамо» стадионында Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан ондаған бірінші сыныпқа баратын ...

    Read More »

    Салауатты өмірдің жаршысы

    (Қазақ спорт журналистикасының құлагері Әлім Анапьянов жетпіс жаста) Жақсы адам жарық шам секілді, айналасына жарық беріп тұратын. Жақсы адамдармен кездескенде басыңдағы бар мәселеңді кейін ысырып қойып, жақсының айтқан ғибрат сөздерінен ұйып тыңдап, жаңыңа шипа алғандай боласың. Сонымен қатар өмірге деген құлшынысың артып, бойыңа шабыт пайда болады. Міне, сондай жанның бірі Әлім Ілиясұлы Анапьянов. Әлім ағамыз ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, ...

    Read More »

    Жұмыры бардың ғұмыры бар

    “Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болса, онда денді сауықтыру керек”, -деп денсаулықтың қадірі туралы ұлы шығыстың ойшылы Әл-Фараби асқан білгірлікпен айтқан екен. Спорт оптимистік өмірмен, сергектік мәдениетін қалыптастыратын болса, осы бір қамшының сабындай қысқа уақытта, дене қимылын арттырып, қозғалысты күшейткенде ғана өмірге деген сүйспеншілік арта түседі деп ойлаймыз. Әрине, үлкен ...

    Read More »

    Жастар «Дүйсенбілік спорт» жобасында доп тепті

    Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу ойындары болды. Оған «Жұлдыз», «Ялян», «Алатау», «Арыстан», «Бақорда», «Қырғауылды», «Кенжехан», «Арлан», «Алтын орда», «Саламат», «Барыс», «Байсат», «Қазына», «Тастақ» және тағы басқа сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан құралған 16 команда қатысты. Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл ...

    Read More »

    Алаштың Ақберені 80 жаста

    Қазақстан спортын бір алтын шаңыраққа теңесек, сол алтын шаңыраққа уығын қадаған қаншама ардагер абыз ағалардың есімдерін кездестіреміз. Есімдері елге аян, апайтөс дарабоз жандардың арасынан Амантай Қарақұлын да көруге болады. Амантай ағамыз ел спортының қарқындап дамыған сонау 1968 – 1975 жылдары ұлы дүбірден шет қалмай барынша үлес қосқан адамдардың бірі. Самбо күресінен де жеткен жетістіктері бір түйеге жүк артқандай, Дегенмен ағамыз спорт саласындағы ...

    Read More »

    Жас саудагерлер арасынан үздік теннисшілер анықталды

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті.  Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш іс-шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін 30 саудагер бақ сынады. Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар. Турнир Алматы қаласы Didda sport үстел теннис ...

    Read More »

    «SARBAZ+» жобасының сарбаздары халықаралық додада бақ сынады

    Алматы қаласында өткен джиу-джитсудан халықаралық «NAURYZ OPEN» ашық турнирі отандық спорт пен әскери саланың түйіскен тұсындағы тарихи оқиғаға айналды. Алғаш рет халықаралық деңгейдегі кәсіби жарысқа «Sarbaz+» серпінді жобасы аясында дайындалған мерзімді қызметтегі 9 сарбаз қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Меморандум – жеңістің ресми іргетасы Бұл жетістік Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубы мен №78460 әскери бөлімі арасындағы жасалған меморандум аясында ...

    Read More »