Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатының соңы төбелеске ұласты. Obozrevatel.com-ның хабарлауынша, әлем чемпионатында кезекті жекпе-жек аяқталысымен жанкүйерлер орындықтардан секіріп, рингке қарай барып, бір-біріне қол ала жүгірген. Тағы бір видеода жергілікті көрермендердің бокс қолғаптарын алып кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған. Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты – Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтетін жарыс. Оның басшысы Ресей азаматы – ...
Read More »Tag Archives: бокс
Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасы бейресми есепте екінші орын алды
Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында 1 мамырда басталған бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл додада Өзбекстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бәрінен бұрын алға шығып, бірінші орыннан көрінді. Алаң иелері 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль алды. Ал Қазақстан құрама командасы 4 алтын, 1 күміс жүлдемен екінші орынға шықты. Үшінші орынды 2 алтын, 4 қола медаль жеңіп алған Ресей ...
Read More »Бокстан әлем чемпионаты: жүлдегер қазақ боксшыларының сыйақысы белгілі болды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлады Tengri Sport. Әлем чемпиондары IBA-ның екі еселенген сыйақысын — 200 000 доллардан алады. Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясынан (ҚФС) жүлдегерлерімізге 100 000 доллардан беріледі. Қазақстан құрамасы боксшыларының әлем чемпионатынан кейінгі гонорарлары: Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге); ...
Read More »Нұрбек Оралбай төртінші алтын жүлдені жеңіп алды (ВИДЕО)
Ташкентте бүгін мәреге жеткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Осы жолы әлем чемпионатының финалында екі елдің намысын қорғап жүрген екі қазақ жігіті кездесті. Шаршы алаңда біздің Нұрбекке қытайлық Таңатқан Тоқтарбек қарсылас болды. Екі қазақтың шайқасы өте тартысты өтті. Оның бірінші раундында Нұрбек 4:1 есебімен басым тұрды. Келесі раундта 3:2 деген ...
Read More »Асыланбек Шымбергенов – бокстан әлем чемпионы! (ВИДЕО)
Ташкентте бүгін мәреге жетіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Біздің команда капитаны өзбек Саиджамшид Жафаровпен алтын медаль үшін шайқасты. Ол бірінші раундты 5:0 етіп өз пайдасына шеше білді. Келесі раундта есеп 4:1 болып шықты. Ал соңғы раундта осы басымдықты аттыра білді. Сөйтіп, қарсыласын 5:0 етіп тізе бүктірді. Чемпионаттағы алғашқы ...
Read More »Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)
Ташкентте бүгін мәреге жетіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Махмуд финалда өзбек Ойбек Жураевпен алтын медаль үшін таласты. Шайқас басталғаннан біздің оғлан оның тізгінін өзінің қолына алып алды. Үнемі шабуыл үстінде болған ол тіпті үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Есеп – 5:0! Сөйтіп, әлемнің 2021 жылғы күміс ...
Read More »«Келесі шық». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Бокстан WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) жеңгеннен кейін көпшілікке мәлімдеме жасады. Бүгін 12 раундқа есептелген кездесу 2-раунда аяқталған еді. Жәнібек қарсыласын екі рет нокдаунға, кейін нокаутқа жіберді. Осылайша, қазақстандық WBO чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды. Чемпиондар мен супержұлдыздар, қайдасыңдар? Мен сендерге бара жатырмын. Жекпе-жекке шығайық. Мен орта салмақтың ...
Read More »Санжар Тәшкенбай – бокстан әлем чемпионы! (ВИДЕО)
Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 кг салмақ дәрежесіндегі Санжар Тәшкенбай алтын жүлдені жеңіп алды. Қазақ боксшы алтын жүлде үшін айқаста өз салмағында грузиялық Сахил Алахвердобимен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілер басымдылықты Санжар Тәшкенбайға берді. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 5:0. Осылайша, Санжар Тәшкенбай 19 жасында тұңғыш рет ...
Read More »Бокстан әлем чемпионаты: Асыланбек Шымбергенов финалға шықты (ВИДЕО)
Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асыланбек Шымбергенов финалға шықты. Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дев Нишантпен қолғап түйістірді. Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі қазақстандық боксшыға басымдықты берді. Екінші раундта, олан кейін үшінші раундта да ол басымдық танытты. Жекпе-жектің соңында Шымбергенов ұпай санымен жеңіске жетті. Бүгін Нұрбек Оралбай финалға шығу үшін ...
Read More »Бокстан әлем чемпионаты: Дулат Бекбауовтың финалдағы қарсыласы анықталды
Өзбекстанда бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан 67 кг салмақтағы Дулат Бекбауовтың финалдағы қарсыласы белгілі болды. Онымен финалда Моңғолияның өкілі Баттомориин Мишилтті жеңген Өзбекстанның боксшысы Асадхужа Муйдинхуджаев қолғап түйістіреді. Бұған дейін хабарланғандай, Дулат Бекбауов жартылай финалда грузиялық Лаша Гурулимен кездесіп, оны айқын басымдықпен ұтты. Еске сала кетейік, Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының сапында Санжар Тәшкенбай ...
Read More »