• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    Боксшы Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

    Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Айбек Оралбай Иштван Бочкаиді еске түсіруге арналған турнирде 92 келі салмақта Германияның боксшысы Александр Окаровпен кездескен еді. Жекпе-жекте Айбек қарсыласын бесінші бұрышты іздеуге мәжбүрлеп, соңынан нокаутқа түсірді. Осылайша ол жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін жартылай финалға Дамир Әбдіқадыр (51 кг) мен Теміртас Жүсіпов (48 ...

    Read More »

    Мажарстандағы турнирде Теміртас Жүсіпов өзбек боксшысын жеңді

    Мажарстанның Дебрецен қаласында бокстан өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске түсіруге арналған халықаралық турнирде қазақстандық тағы бір боксшы жартылай финалға шықты. Теміртас Жүсіпов ширек финалда 48 келі салмақта Дониер Бекмуродовпен кездесті. Жекпе-жекте төрешілер шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді ол кем дегенде қола жүлде ала алады. Теміртас Жүсіпов – еліміздің алты дүркін чемпионы. Ол 2021 жылы әлем чемпионатында жеңіс ...

    Read More »

    АҚШ боксшылары биылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

    АҚШ бокс федерациясының басшылығы биылғы әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь өкілдері қатысатын болғандықтан, ерлер мен әйелдер арасындағы жекпе-жектен бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл бойкотқа Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Ресей мен Беларусь боксшыларына өз туы астында өнер көрсетуіне рұқсат беруі себеп болып отыр. Америка бокс федерациясының басшысы Майк Макэйти ресми хатында Халықаралық бокс қауымдастығының халықаралық ережелер мен fair-play қағидаттарына сәйкес келмейтін ...

    Read More »

    Боксшы Виктор Теміров үшінші қарсыласын да нокаутқа жіберді

    Боксшы Виктор Теміров кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді. 22 жастағы былғары қолғап шебері Германияда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, тәжірибелі босниялық Милош Яньянинмен кездесті. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланса да айқас ұзаққа созылмады. Үшінші раундта Теміров қарсыласын нокдаунға жіберді. Содан кейін төреші отандасымыздың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді. Осылайша Виктор Теміров кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне жетті. Ол барлығында ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингісінде үздік үштікке кірді

    The Ring журналы әр салмақ дәрежесі бойынша үздік боксшылардың жаңа рейтингісін жариялады. Орта салмақтағы тізімде Геннадий Головкин көш бастап тұр. Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді. The Ring нұсқасы бойынша ең үздік орта салмақтағы топ-10 боксшы: 1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан) 2 (3). Хайме Мунгия (Мексика) 3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 4 (6). Карлос Адамес ...

    Read More »

    «Сәпиевті де жаттықтырған». Жасы 80-ге таяған бапкер балаларға бокс үйретіп жүр

    Қарағанды облысында қарттар үйінде тұрса да балаларды жаттықтырып жүрген бапкер бар. Жас кезінде талай шыңды бағындырған ол енді шәкірттерін жетістікке жетелемек, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы. Жасы 80-ге таяса да спортты серік еткен Есіркеп Жақсыбаев өзі тұрып жатқан Шахан кентінде мектеп оқушыларына бокстан шеберлік сағатын өткізіп жүр. Ол күнделікті 2 сағат уақытын спортқа арнайды. Бұл – бала кезінен қалыптасқан әдеті. ...

    Read More »

    Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай 48 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістіріп, оны айқын басымдықпен ұтты. Сөйтіп, төрешілердің шешімі бойынша Санжар Тәшкенбай халықаралық жарыста тағы да құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол бұған дейін де ересектер арасында Азия чемпионы болған. ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: финалға әйелдер арасынан екі боксшы шықты

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы шықты. Финалда 70 кг салмақта Жасмин Кизатова өзбекстандық Азиза Зориковамен, 81 келіде Гүлсая Ержан алаң иесі Порнипа Чутимен күш сынасады. Финал 25 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады. Бұған дейін хабарланғандай, Азия чемпионатының финалына ерлер құрамасынан алты боксшы шықты. Олар ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: финалға алты қазақ боксшысы шықты

    Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның 11 боксшысы қарсыластарымен жартылай финалда қолғап түйістірді. Бұл кездесулерде бес спортшымыз жеңіліп, қола медальды қанағат тұтты. Ал алты былғары қолғап шебері финалға шықты. Жартылай финалда Санжар Ташкенбай (48 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Абзал Серік ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды

    Бүгін Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан U-22 Азия чемпионатының алтыншы күні жартылай финалдық жекпе-жектер болады. Жартылай финалға Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларынан 11 боксшыдан шығып отыр. Қырғызстаннан 7, Таиланд пен Филиппин елдерінен 4 өкілден бар. Моңғолия, Тәжікстан және Қытайдан 3 спортшыдан болса, Индонезия мен Камбоджаның екі былғары қолғап иесі шаршы алаңға шығады. Малайзия мен Непалдан бір-бір адамнан ½ финалға ...

    Read More »