Халықаралық бокс қауымдастығы 1-14 мамырда Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған ел спортшыларына қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді. Бұл жағдайға IBA бас хатшысы өз көзқарасын білдірді. Оның ойынша, федерациялардың шешімі спортшылардың қалауына сәйкес келмейді. Түсінбеушілік пен жалған ақпарат әлем чемпионаатына бойкот жариялаған мемлекеттердің ұлттық федерацияларында наразылық туғызуда. Бұл шешімді қолдамайтын спортшылар мен жаттықтырушылар, техникалық қызметкерлер бар. Олардың әлем чемпионатқа ...
Read More »Tag Archives: бокс
Странджа-2023: Қазақстан боксшылары келесі айналымға шықты (ВИДЕО)
Болгарияның София қаласында кешелі бері өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогы үшін турнирде еліміздің бес боксшысы 1/8 финалға шықты. Бұған дейін жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының бес боксшысы шаршы алаңға шығатынын хабарлаған болатынбыз. Солардың екеуі – күндізгі, үшеуі кешкі сессияда қолғап түйістірді. Күндізгі айқастарды бірінші болып рингке көтерілген 57 келіге дейінгі салмақтағы Оразбек Асылқұлов бастады. Ол ирландиялық Джуд Галлахермен кездесті. Жекпе-жек ...
Read More »Бокстан әлем чемпионаты болмауы да мүмкін — БАҚ
АҚШ-тағы бокс сарапшылары наурыз және мамыр айларында өтетін әйелдер және ерлер арасындағы әлем чемпионаттарына бойкот жариялаған мемлекеттердің қатары көбейетін болса, жарыстың болмауы мүмкін екенін айтты. Қазір тоғыз елдің Бокс федерациялары әлем чемпионаттарына бойкот жариялап үлгерді. Олардың арасында АҚШ, Чехия, Англия, Канада, Ирландия бокс федерациялары бар. Одан кейін қатарға Швеция, Польша, Швейцария мен Нидерланд қосылды. Бұл тізімді Құрама Штаттардың бокс федерациясы ...
Read More »Странджа-2023: Қазақстан боксшысы турнирді нокаутпен бастады (ВИДЕО)
Боксшы Ерасыл Таңқай Болгарияның астанасы – София қаласында басталған бокстан Странджа кубогы үшін халықаралық турнирді жеңіспен бастады. Турнирдің бірінші күні елімізідң атынна шаршы алаңға жалғыз боксшы – 60 келіге дейінгі салмақтағы Ерасыл Таңқай ғана шықты. Ол итальян Даниел Салерномен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің үшінші раундында Ерасыл Таңқай қарсыласын нокдаунға жіберді. Бұдан кейін екінші нокдаун болды. Артынша итальян боксшысы бірнеше ауыр соққыға ...
Read More »Боксшылардың Странджа кубогындағы алғашқы қарсыластары анықталды
Бүгін Болгарияның астанасы — София қаласында бокстан Странджа кубогы үшін басталатын халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды. 20 ақпан Күндізгі сессия (17.00) 60 кг. Ерасыл Танқай — Даниэле Салерно (Италия) 21 ақпан Күндізгі сессия (17.00) 57 кг. Оразбек Асылқұлов — Джуд Галлахер (Ирландия) 63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов — Конде Ойер Ибаррече (Испания) Кешкі сессия (22.00) 54 кг. Бекзат Алдамжаров ...
Read More »Бүгін Болгарияда бокстан Странджа кубогы үшін турнирі басталады
Бүгін Болгарияның астанасы – София қаласында бокстан халықаралық «Странджа-2023» турнирі басталады. Биыл 74-рет өткізілгелі отырған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысқалы жатыр. Бұл дода соңғы жылдары бұрын Германияның Галле қаласында өтіп келген бәсекеден асып түсіп, соның орнына «кіші әлем чемпионаты» деген жанама атауға ие бола бастады. Қазақстан құрамасы Болгарияның астанасына жетті. Команданы құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бастап алып барды. Жаттықтырушылар ...
Read More »Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер көбейіп жатыр
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) жеті елдің бокс федерациясынан биылғы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қарсы бойкот жариялағаны туралы хабарлама алды. Жеті мемлекеттің бокс федерациясы Ресей мен Беларусь боксшыларының әлем чемпионатында өз туын көтеріп, шаршы алаңға шығуына рұқсат берілгеніне байланысты бойкот жариялады, — делінген хабарламада. Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері әлем чемпионатына бойкот жариялады. Содан кейін Чехия, Англия, ...
Read More »«Соққың жақсы екен»: Президент бокстан әлем чемпионына баға берді (ВИДЕО)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарында Степногорск қаласындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне барып, спортшылармен кездесті. Кездесуде мемлекет басшысы спортшылардың ортасында тұрып, фотоға түсейін деп жатқан кезде бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанның жұдырығының күшін сынап көрді. Сол жерде ол боксшыға алақанын тосып, оның соққысына баға берді. Соққың жақсы екен, — деп боксшыға айтты. Дина Жоламан — бокстан 2016 жылғы ...
Read More »Кеңес Рақышев жас боксшыларға қомақты сыйақы табыс етті
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев боксшыларға қомақты сыйақы табыс етті. Ол былтыр Испанияның Аликанте қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған боксшылар мен жүлдегерлерге қошемет көрсетті. Кездесуде жүлдегерлердің жеке жаттыұ тырушылары да назардан тыс қалмады. Боксшылар имен олардың жаттықтырушылары 20 миллион теңге алды. Біздің жастар құрамасы Испанияда жақсы нәтиже көрсетті. Медальдардың саны бойынша үшінші орын ...
Read More »Боксшы Теміртас Жүсіпов алтын медальді жеңіп алды
Боксшы Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалында қырғызстандық Асылбек Аманқұл уулудан айласын асырып, жеңімпаз атанды. Осылайша, Теміртас Жүсіпов Қазақстанның ерлер құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Бұған дейін ол өзбек боксшысы Дониер Бекмуродов пен әзербайжан Турал Сариевті жеңген болатын. Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның алты дүркін чемпионы, әлем чемпионы (2021) және Азия чемпионы ...
Read More »