• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    Бокстан әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама анықталды

    Бокстан 14-26 наурыз күндері Үндістанның астанасы — Дели қаласында әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның ұлттық құрама командасы анықталды. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда қатысып, 12 салмақ дәрежесінде күш сынасады. Ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай  (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев WBA тізімінен түсіп қалды

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Бұл тізімде аса ауыр салмақта Иван Дычко ғана бұрынғы орнында тұр. Ол 15-орынды сақтап отыр. Бұл дивизионды әлем чемпионы украиналық Александр Усик бастап келеді. Рейтингте конголық Мартин Баколе екінші, америкалық Деонтей Уайлдер үшінші орынға жайғасып отыр. Бірінші ауыр салмақта осыған дейін төртінші орында болған Қамшыбек Қоңқабаев рейтингіден шығып қалды. ...

    Read More »

    Странджа-2023: Өзбекстан боксы тағы бір жетістікке жетті

    26 ақпан күні Болгария астанасы – София қаласында Странджа кубогы үшін өткен халықаралық турнирде Өзбекстан боксы тағы бір жетістікке жетті. Gazeta.uz сайтының хабарлауынша, кеше Ташкент әуежайында спорт функционерлер мен қала жұртшылығы өзбек елінің мерейін көтеріп қайтқан боксшыларын күтіп алған. Соңғы кездері «кіші әлем чемпионаты» деген жанама атауға ие болып жүрген халықаралық турнирге Өзбекстан ерлер құрамасы 27 боксшыдан тұратын үш құрам ...

    Read More »

    Странджа кубогы: неліктен Жалоловтың қарсыластары шаршы алаңға шықпады?

    Ресейлік «неКАРАтэ» Youtube-арнасы бокстан Болгарияның астанасы – София қаласында Странджа кубогы үшін өткен халықаралық турнирде өзбекстандық ауыр салмақты былғары қолғап шебері Баходир Жалоловқа қарсы спортшылардың шаршы алаңға шықпай қалу себебін айтты. Еске сала кетсек, жақында «Кіші әлем чемпионаты» аталып кеткен турнирде Жалоловтың үш бірдей қарсыласы кездесуден бас тартқан болатын. Сөйтіп, өзбек боксшысы жалғыз жекпе-жек ғана өткізіп, турнирдің жеңімпазы атанған. Әуелі ...

    Read More »

    Странджа кубогы: Қазақстаннан жалғыз боксшы финалына шықты

    Болгарияның астанасы — София қаласында Странджа кубогы үшін өтіп жатқан халықаралық турнир аяқталуға жақын қалды. Бокс додасында жартылай финалға Қазақстаннан екі былғары қолғап иесі жартылай финалға шығып, соның біреуінің ғана жолы болды. ½ финалда 57 келі салмақтағы Оразбек Асылқұлов Арменияның өкілі Артур Базеянды 3:2 есебімен ұтып, жалғыз өзі финалға жолдама алды. Екінші боксшымыз 75 келіге дейінгі салмақтағы Нұрқанат Райыс Болгарияның ...

    Read More »

    Странджа кубогы: Қазақстанның екі боксшысы жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

    Странджа кубогы үшін халықаралық турнирде ширек финалдық шайқастар болып, еліміздің екі боксшысы жартылай финалға шықты. Қазақстан құрамасынан ширек финалға дейін үш спортшы жеткен болса, солардың үшеуі де өзбек боксшыларымен қолғап түйістірді. Осы ішкі тартыста қазақстандықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Рингке бірінші болып 57 келіге дейінгі салмақтағы Оразбек Асылқұлов шықты. Ол Азияның соңғы чемпионатындағы алтын жүлдегері Абдумалик Халоковпен жұдырық сілтесті. Халоков ...

    Read More »

    Странджа кубогы: Қазақстан боксшыларының үшеуі ғана 1/4 финалға шықты (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы – София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы үшін халықаралық турнирде екі боксшымыз қарсыластарын жеңіп, алтауы жарыс жолынан шығып қалды. Күндізгі сессияда Қазақстан құрамасынан бірінші болып шаршы алаңға 51 келіге дейінгі салмақтағы Кенже Мұратұлы шықты. Бірақ турнирге келгелі алғаш рет рингке көтерілген боксшымыз қарсыласынан жеңіліп қалды. Төрешілер жеңісті бір ауыздан үнділік Бишмавитре Чонхгамға берді. Ал ұлттық құрама боксшыларымыздың бірі ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысымен жекпе-жекке шығудан бас тартты

    Болгарияның астанасы – София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы үшін халықаралық турнирде боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кезекті жекпе-жектен бас тартты. Ол 92 келіден аса салмақта турнирдің ширек финалында өзбекстандық Баходир Джалоловқа қарсы шаршы алаңға шықпады. Боксшының жекпе-жектен неліктен бас тартқаны белгісіз. Осылайша Джалолов бірден жартылай финалға шықты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Странджа кубогы: Асылқұлов сенсация жасады

    Бокстан Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогын үшін турнирде 57 келі салмақтағы Оразбек Асылкұлов сенсация жасады. Ол 1/8 финалда Қазақстан құрамасы сапынан рингке бірінші болып шығып, бразилиялық Луис Оливейрамен қолғап түйістірді. Асылқұлов төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Оливейра осының алдындағы жекпе-жекте әлем чемпионы америкалық Джамал Харвиді жеңіп, сенсация жасаған болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Странджа кубогы: Қазақстан боксшыларының екеуі жеңіп, екеуі жеңілді (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы – София қаласында халықаралық Странджа кубогы үшін турнирінің 1/8 финалдық жекпе-жектері болды. Соңғы кездері көкжиектен ығысып қалған Германияның Галле қаласындағы халықаралық жарыстың орнына «кіші әлем чемпионаты» атанып жүрген «Странджа» турнирі жылдан-жылға өзінің беделін арттырып келеді. Турнирдің үшінші күні қазақстандықтар сапынан рингке төрт боксшы көтеріліп, олардың екеуі жеңіске жетсе, екеуі жеңілістің ащы дәмін татуға мәжбүр болды. Енді бәрін ретімен ...

    Read More »