• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

     «Канелоны» бір раундта үш рет құлатуға болады – Жәнібек Әлімханұлы (ВИДЕО)

    Кәсіпқой бокстан WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Qazaqstan телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында атақты мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке шықса, бір раундта үш рет құлата алатынын айтып қалды. Біз алғаш рет АҚШ-қа 2018 жылы барып, келісімшарт жасастық. Біз алдымызға айқын мақсат қойдық. Біздің басты мақсатымыз әлем чемпионы болу еді. Сол мақсатқа ...

    Read More »

    Бокстан америкалық әлем чемпионы Ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)

    WBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта және жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Джервонта Дэвис Ислам дінін қабылдады. Ол 2013 жыл әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа аууысқан. Сол кезден бері шаршы алаңда ешкімнен ешқашан жеңіліп көрмеген. 2017 жылы алғаш рет 59 кг салмаққа дейінгілер арасында IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған. 2019 жылы 61,5 кг салмақта WBA тұжырымы бойынша дүниежүзінің ең ...

    Read More »

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылмай жатыр

    Атақты боксшы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімет шықты.  Бұл туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Серік Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда туған. 2023 жылы 14 желтоқсанда Луганский көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйін үйіне қайтып келмеген. Ол сұр бас киім киген. Үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Серік Нұрқазовтың шашы ақ,  сақалы ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы түгелімен Баходир Жалоловтың үйлену тойына барды (ВИДЕО)

    Ташкент қаласында Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы атақты боксшысы Баходир Жалоловтың үйлену тойы болды. Оның шаңырақ көтеру тойына бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы да барып, той иесін құттықтап қайтты. Тойда ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бірінші болып сөз сөйлеп, боксшыны үйлену тойымен құттықтады. Баходир Жалолов құрмет тұғырына жайдан-жай келген жоқ. Қазір Өзбекстанда боксқа қатты мән беріліп, ол жан-жақты дамып жатыр. ...

    Read More »

    Олимпиадаға дайындық Алматыдан басталады – Мырзағали Айтжанов

    Бокстан Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов спортшылардың келесі жылға жоспары туралы айтып берді. Ол ұлттық құраманың бірінші және екінші номерлі боксшыларының келесі жылы маңызды жарыстарға қатысатынын, осыған байланысты  команданың жаттығу жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлады olympic.kz. Қазір команданың біраз мүшесі Ғалым Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр. Әлем чемпионы атанған боксшыларымыз жақында «Чемпиондар түні» ...

    Read More »

    Астанада боксшылар «мерекелік кешке» дайындалып жатыр

    15 желтоқсанда Астанада алғаш рет Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен «Чемпиондар түні IBА» — «Astana Arlans» турнирі болады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Кеште Қазақстан және шетелдің боксшылары жекпе-жекке шығады. 8 жекпе-жек 6 раундтан болады. Әр раундта былғары қолғап иелері 3 минуттан бокстасады. Кештің басты жекпе-жегінде 71 келі салмақта Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиаданың чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов ...

    Read More »

    Бокс кешіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

    Астанада 15 желтоқсанда Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен болатын кәсіпқой бокстан «Чемпиондар кешінде» Қазақстан былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығатын шетелдің өкілдері анықталды. Кеште 8 жекпе-жек болады. Оған ұлттық құраманың үздіктері қатысады. Сонымен 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Өзбекстанның өкілі Нодиржан Мирзаахмедовпен, 57 келі салмақта тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан кубалық Освальдо Диаспен,  63,5 келіде Серік Теміржанов Ресейдің боксшысы ...

    Read More »

    Ақтауда бокстан Қазақстан чемпионаты жалау көтереді

    11-16 желтоқсан аралығында Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлады Маңғыстау облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі. Ел чемпионатына Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен  17 облыстың 20 командасынан 500-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысады. Бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында іріктеліп, үздік атанғандар келесі жылы ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, әлем және Азия ...

    Read More »

    Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді

    Астанада 15 желтоқсанда Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен  кәсіпқой бокстан «Чемпиондар кеші»  өтеді. Кеште сегіз жекпе-жек болады. Оған ұлттық құраманың үздіктері қатысады. 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, 57 келі салмақта тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шығады. Орта салмақта Ертуған Зейнуллинов, Дулат Бекбауов пен ұлттық құрама команданың капитаны Асланбек Шымбергенов қолғап түйістіреді. Сонымен бірге Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек ...

    Read More »

    Нұрасыл Төлебек бокстан әлем чемпионы атанды

    Арменияның астанасы — Ереванда өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті. 54 келі салмақта Нұрасыл Төлебек финалда үнді Жатин Жатинді 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, ер балалардан екі боксшымыз, қыздарда екі спортшымыз әлем чемпионатының құрмет тұғырына көтерілді. Бұған дейін хабарланғандай, Толғанай Қасымхан 60 кг салмақта ресейлік Кира Леонованы 3:2 есебімен басым  түссе, қыздар ...

    Read More »