• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Бокстан жастар және жасөспірімдер құрамаларына жаңа жаттықтырушылар келді (ВИДЕО)

    Бокстан Қазақстан жастар құрама командасының жаттықтырушылар құрамында өзгеріс болды.  

    Бокс федерациясының хабарлауынша, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Қайрат Сәтжанов тағайындалды.

    Ол Әділ Басығараевты алмастырды.

    Қайрат Сәтжанов еңбек жолында жасөспірімдер командасынан басқа, ересектер арасындағы ұлттық құрама команданы да жаттықтарған. Сәтжановтың жетекшілігімен боксшылар Сербияда өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған болатын.

    Қайрат Тұрсынқанұлы — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 2011-2019 жылдар аралығында Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. 2013 жылғы әлем чемпионатында команда 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль еншілесе, 2015 жылғы дүниежүзілік додада 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдені жеңіп алған.

    2019-2021 жылдары жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды. 2021 жылғы әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді. Ал 2021-2022 жылдар аралығында ұлттық құрамамыздың бас бапкері болып, 2021 жылғы дүниежүзілік додада 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды алып берді.

    Әйелдер құрамасында да  жаттықтырушылар ауысты. Қыздар арасындағы жастар құрамасына Жангелді Ахметов аға бапкер болып тағайындалды.

    Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан жастар құрамасында аға жаттықтырушы алмасты. Бұл қызметке Ахметов Жангелді Әлімжанұлы тағайындалды.

    Жангелді Әлімжанұлы — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жаттықтырушылық тәжірибесі 25 жылды құрайды. Бүгінге дейін Жетісу облысының әйелдер арасындағы аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.

    Бұл қызметте Жангелді Ахметов әйелдер құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалған Елдос Сайдалинді алмастырды.

    Сонымен бірге бокстан Қазақстан жасөспірім командасына Мақсат Оспанов, жасөспірім қыздар командасына Айбек Әбілдә жетекшілік етеді.

    Қазақстан бокс федерациясы Төрешілер алқасының төрағасы да алмасты.

    Қайрат Жұманқұловтың орнына Дінмұхамед Абайхан тағайындалды.

    Дінмұхамед Абайханұлы 2012 жылдан бастап бокстан төрешілік қызмет атқарады. 2023 жылдан бастап Халықаралық дәрежедегі ІВА 2* төрешісі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Tukeshov Zhalgas (@tukeshov_official)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *