Астанада 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Beeline Arena спорт кешенінде жастар және U-22 боксшылар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатысады. Екі жас аралығында жігіттер мен қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиялық жүйе бойынша ұйымдастырылады.
U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы):
Жігіттер арасындағы жекпе-жектер – 46-48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92 және 92 келіден аса салмақта болады.
Қыздар – 45-48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 81 мен 81 келіден жоғары салмақта қолғап түйістіреді.
Жастар (2006-2007 ж.т. аралығы):
Жас жігіттер – 46-48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92 мен 92 келіден аса салмақта шаршы алаңға шығады.
Бойжеткендер – 46-48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 81 мен 81 келіден жоғары салмақтағы ұолғап түйістіреді.
Жекпе-жектерді QAZSPORT телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясының Youtube арнасында да тікелей көрсетілім ұйымдастырылады. Ал финалдық айқастар 7-8 мамырға жоспарланған.
Көрермен үшін кіру тегін.
Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында құрлықтық чемпионаттарды ұйымдастырған. 2007 жылы Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен. 2013 жылы Шымкент қаласыylf жасөспірімдер арасындағы құрлық чемпионаты жалауын көтерді. Ал 2016 жылы Сары құрлық чемпионаты Павлодарда өтті. Сонымен қатар, былтыр елордада жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты болды. Енді міне, еліміз U-22 Азия чемпионатын да ұйымдастырғалы отыр.