• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/Saul Alvarez/@canelo/

    «Канело» еліміздегі су тасқынына қатты алаңдап отырғанын айтты

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес еліміздегі су тасқыны жағдайына қатты алаңдап отырғанын айтып, өз ойы мен ішкі сезімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

    Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, — деді ол алаңдаушылығын жасырмай.

    Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жекке шығып, соның екеуінде төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

    Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта салмақта болды. Боксшылар соңғы жекпе-жекке 2022 жылы 18 қыркүйекте шықты.

    Соңғы ақпаратқа қарағанда, азаматтық қорғау қызметтері 111 194 адамды, оның ішінде 39 222 баланы құтқарды. 11 950 адам үйлеріне оралды.

    Уақытша орналастыру пункттерінде 6 814 адам орналасты. Оның ішінде 2 995 бала бар.

    9,5 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды. 2,2 млн. астам қапшық пен 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *