• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Елена Рыбакина

    Australian Open-2026: Елена Рыбакина – чемпион!

    Теннисші Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.  Титулға барар жолда Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда жарыстың 2-ракеткасы Ига Швентектен, жартылай финалда алтыншы нөмірлі болып тіркелген Джессика Пегуладан айласын асырды. 2023 жылы Рыбакина мен Соболенко финалда ойнаған еді. Сол кезде ...

    Read More »

    Australian Open-2026: Рыбакина мен Данилина финалға шықты

    Теннисшілер Анна Данилина мен Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Қаазақстан теннис федерациясы. Анна Данилина Сербия өкілі Александра Круничпен бірге жұптық сында өнер көрсетуде. Жартылай финалда Данилина мен Крунич канадалық Габриэла Дабровски пен бразилиялық Луиза Стефаниден 2:1 (7:6 (7:2), 3:6, 6:4) есебімен жеңді. Елена Рыбакина болса, жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен ойнады. Қарсыластар осыған дейін ...

    Read More »

    Рыбакина WTA турнирін жеңген алғашқы азиялық теннисші атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнады. Бірінші партияда есеп 3:2 болған кезде Рыбакина брейк жасап, сол басымдылығын 6:3 есебімен сақтап қалды. Екінші сетте тай-брейкте Рыбакина бет қаратпады. Есеп – 7:6 ...

    Read More »

    Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңімпаз атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен ойнады. Бұған дейін қарсыластар төрт рет кортқа шығып, соның үшеуінде ресейлік спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да бірінші партияда ресейлік теннисші 6:3 есебімен жеңді. Содан кейін Елена Рыбакина екінші сетте 6:0 есебімен ...

    Read More »

    Рыбакина әлемнің 6-ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1 000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.  Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен ойнап, жеңіске жетті. Қарсыластар осыған дейін бір-бірімен бес рет ойнап, америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Киз сәтті ойнады. Бірінші партияда есеп 7:6 (7:3) ...

    Read More »

    Рыбакина Цинциннати турнирінің келесі айналымына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен ойнап, жеңіске жетті. Бұған дейін екеуі бір-бірімен алты рет ойнаған еді. Соның бесеуінде рыбакинаның мерейі үстем болған. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина қарсыласынан 4:6 есебімен жеңіліп, екінші сетте 6:3 есебімен ...

    Read More »

    Украина теннисшісі Рыбакинамен ойнаудан бас тартты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар үш рет кортқа шығып, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина айқын басымдылық танытты. Есеп 6:1 болды. Екінші сетте есеп 2:1 болған кезде ...

    Read More »

    Рыбакина Канадада камбэк жасады

    Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол турнирдің төртінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қателік жіберді. Тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға ...

    Read More »

    Рыбакина Уимблдон турнирін сенсациямен аяқтады

    Теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орында) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан Уимблдон турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды. Турнирдің үшінші айналымында Рыбакина Данияның өкілі Клара Таусонмен (WTA рейтингінде 22-орын) ойнап, екі сетте 6:7, 3:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Омылайша, Клара Таусон Уимблдон турнирінің 1/8 финалына шықса, Елена Рыбакина жарысты ерте аяқтады. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Арменияның теннисшісі Элина Аванесянды (49-орын) 6:2, ...

    Read More »

    «Уимблдон»: Рыбакина үшінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы, 26 жастағы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші екінші ойынын әлемдік рейтингіде кезінде 3-орынға дейін көтерілген, қазір 77-сатыдағы грекиялық, 29 жастағы Мария Саккаримен ойнады. Қарсыластар осыған дейін бес рет ойнап, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы Рыбакина матчты сәтті бастады. Бірінші сетте 6:3 есебімен жеңді. Екінші сетті қарсыластар ...

    Read More »