Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Бұл турнирге Елена Рыбакина 10-ракетка болып тіркеліп, екінші айналымнан бастап қатыса бастады. Ол алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен күш сынасып, оны 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты. Енді Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі. Дастан КЕНЖАЛИН, ...
Read More »Tag Archives: Елена Рыбакина
Президент Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны әлемдік турнирдегі жеңісімен құттықтады. Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды президент Instagram-дағы парақшасына. Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған. Ол финалда әлемнің ...
Read More »Рыбакина жеңісі үшін 1 млн доллардан астам жүлде алды (ВИДЕО)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған соң, 1 млн доллар жүлде жеңіп алды. Ол финалда әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, екі сағаттан астам уақытқа созылған сында қарсыласын 7:6 (13:11), 6:4 есебімен ұтты. Сөйтіп, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Елена Рыбакина Арина Соболенкодан Австралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды. Мен ...
Read More »Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. Рыбакина финалда әлемнің екінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті. Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Е.Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Есеп – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де ол 6:4 есебімен жеңді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың ...
Read More »Рыбакина алғаш рет мастерс турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Рыбакина ширек финалда әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездесті. Қарсыластар осыған дейін 2019 жылы АҚШ ашық чемпионатында кездесіп, онда чехиялық спортшы 6:4, 6:4 есебімен жеңген еді. Бұл жолы еліміздің бірінші ракеткасы тартысты өткен кездесуде 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Елена Рыбакина финалға ...
Read More »Рыбакина мастерс турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Рыбакина төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-орында тұрған ресейлік Варвара Грачевамен кездесті. Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған кезде Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 6:3 етті. Екінші ...
Read More »Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты. Рыбакина турнирдің үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, оны 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде испаниялық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина есе қайтарды. Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылып, Рыбакина 9 эйс жасап, 8 ...
Read More »Рыбакина жарақат алып қалды
Теннисші Дубайдағы турнирден шығуға мәжбүр болды «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы және Australian Open чемпионатының финалисі, әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінен шығып қалды. Теннисші өзінің неге бұлай еткенін Instagram-да айтты. Өкінішке қарай, мен белімдегі жарақатымның сыр беруіне байланысты Дубайдағы DDF Tennis Championships турнирінің жеке және жұпты сипатты жарыстарынан шығып кетуге мәжбүр болдым. Мен аз уақытта қайта ...
Read More »Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездесіп, оны 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Бұған дейін екеуі бір-бірімен үш рет кездескен еді. Сонда Рыбакина үш ойында да жеңген болтын. Бұл жолы Рыбакина матчты брейкпен бастағанымен, Боузкова таразы басын теңестіре алды. Дегенмен қазақстандық тенниісші тағы ...
Read More »Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазын оңай ұтты
Елена Рыбакина Дубайда басталған турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті. Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан жарыста «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы және «Australian Open-2023» чемпионатының финалисі, әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина канадалық 36-ракетка Бьянка Андреескуды 6:3, 6;4 есебімен жеңді. Кездесу бір сағат 30 минутқа созылды. Осы уақытта отандасымыз 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге ...
Read More »