Бүгін армлифтингтен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мұрат Нұрғазинмен кездесіп қалдық. Ойда жоқта кездестік. Бұл жігітті мен сырттай білетінмін. Расын айтқанда, онымен бірде бір рет кездеспеген едім. Енді міне, бүгін сабақты ине сәтімен дегендей, Мұрат Мырзағалиұлымен жолығудың сәті де түсті. Бұл спортшыны көп адам біле бермейтін шығар. Олай дейтінім, Мәкеңнің өзі көпшіліктің алдына көп шыға бермейді. Бұған дейін Khabar телеарнасындағы ...
Read More »Tag Archives: жарыс
Канвон-2024: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 17-орында тұр
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының басталғанына 10 күн өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Қазір Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 17-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтын жүлдені Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден ұлттық құрама командаларымыз қола медальді жеңіп алған. Бүгін Ұлттық құрама спортшылары ...
Read More »Боксшылар Иштван Бочкай турнирінде бес алтын жүлде алды
Өткен аптада Қазақстан спортшылары Кореяның Канвон провинциясында басталған жасөспірімдер Олимпиадасынан бөлек, алты халықаралық турнирге қатысып, бәрінде жүлделе орындарды иеленіп қайтты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мажарстанның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы мемориал аяқталып, былғары қолғап шеберлер бес алтын медаль жеңіп алды. Бұл сында Асхат Жүсіпов (48 кг), Асылжан Серікбай (57 кг), Бeйбарыс Жексен (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 ...
Read More »Тәуелсіздік күні «Тұран» командасы төрден көрінді
Алматыдағы «Корона» бильярд клубында «Отбасы және Ардагерлер арасында спортты қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Нағыз ардагерлер» халықаралық жарысы аяқталды. Оған еліміздің бірнеше облысынан және Қырғыз Республикасынан екі команда, барлығы 9 команда қатысып, жекелей-командалық жарыс өткізді. Бұл жарыстың бас серіктесі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры» компаниясы, ал серіктесі Туризм және спорт индустрия қоры болды. Командалық жарыста Шымент қаласының «Тұран» командасы жеңімпаз атанды. ...
Read More »Тәуелсіздік күні алдындағы тартысты турнир (ФОТО)
Тәуелсіздік күні алдында еліміздің әр аймағында түрлі шаралар ұйымдасытырылып жататын бір дәстүр бар. Бүгін ПҚ «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен Алматы шаһарындағы Әуезов ауданындағы 173 мектеп-гиназияда дүбірлі бір аламан спорттық жарыстар болып өтті. Айтулы Спартакиада бағдарламасында шағын футбол, дартс, шахмат және арқан тарту спорт сүрлерінен осы қоғамдағы Желтоқсанның батырлары бақтарын сынап жеңіс үшін аянбады. Негізі спортты денсаулықтың кепілі ...
Read More »Түркі универсиадасының чемпиондары анықталды
Түркістанда II Түркі универсиадасы аяқталды. Оның жабылу салтанаты Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды, деп хабарлады Bassport.kz. Іс-шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, универсиадаға мемлекеттердің делегациясы, университеттің студенттері мен оқытушы-профессорлары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан студенттері үздік атанды. Футзалдан Қырғызстан командасы чемпион атанды. Өзбекстан шахматтан бас жүлдені жеңіп алды. Еркін күрестен Қазақстан кқш бастады. ...
Read More »Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды
Бүгін Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды. Оның ашылу салтанаты «Керуен сарай» кешеніндегі Show arena ғимаратында болды. Бауырлас елдердің спортшы өрендерінің басын қосқан доданың салтанатты жиынына Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров, Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі, — деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі. Облыс әкімі құттықтау ...
Read More »Жауынгерлік өнер ойындары Қазақстан үшін табысты аяқталды
Сауд Арабиясының астанасы — Ар-Рияд қаласында V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Он бір күннің ішінде 16 спорт түрінен 1500-ден астам атлет 954 медальді өзара сарапқа салды. Оның 259-ы алтын, 259-ы күміс жүлде болса, қалған 436-сы қола медаль болды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс пен 23 қола ...
Read More »V Дүниежүзілік ойындарының логотипі мен ұраны таныстырылды
Бүгін Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырушыларының халықаралық конференцияcында додалы жарыстың спорттық, мәдени бағдарламалары, ресми логотипі мен ұрансөзі таныстырылды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында болып, оған туризм және спорт министрі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ермек Маржықпаев, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Көшпенділер ойындарын ...
Read More »Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары басталды
Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы – Ар-Риядта Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Green Halls кешенінде өткен ауқымды іс-шарада 80-нен астам мемлекеттің өкілдеріне түрлі қойылымдар, жекпе-жек түрлерінің ерекшелігі жайлы көріністер ұсынылды. Елімізде жекпе-жек түрлері тиісті деңгейде дамып жатыр. Оның үстіне халықтың басым бөлігі аталған спортты тұрақты бақылап отырады. ...
Read More »