• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Жазғы Олимпиадаға 100 күн қалды

    Биылғы жылдың басты додасы — жазғы Олимпиялық ойындардың салтанатты түрде ашылауына 100 күн уақыт қалды.

    Олимпиада Париж қаласында 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында болады.

    Париж қаласы 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Перудің Лима қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитеттің 130-сессиясында 2024 жылғы Олимпиаданы өткізетін қала болып бірауыздан сайланды.

    Бұған дейін Францияның астанасы өз тарихында екі рет 1900 және 1924 жылдары төртжылдықтың басты додасын өткізді. Енді Париж Ұлыбританияның астанасы — Лондоннан (1908, 1948 және 2012) кейін үш рет Олимпиялық ойындарды өткізген екінші қала болып отыр.

    Биылғы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының эмблемасы 2019 жылдың 21 қазанында ұсынылды.

    Олимпиада мен Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті 2022 жылдың 14 қарашасында талисмандарды таныстырды.

    Олимпиялық ойындардың бағдарламасына спорттың 32 түрі кірген. Оған 206 елден 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

    Биыл алғаш рет брейкингтен медальдар таратылады. Жүлденің біріне Қазақстан да үмітті болуы мүмкін.

    Серфинг додасы  Францияның материктік бөлігінде емес, Таити аралында өтеді.

    Париж пен Таити аралдарырың арасы — 15 700 шақырым. Бұл — Олимпиада ойындарының рекорды. Бұған дейін ешбір жарыс Олимпиаданы қабылдаушы қаладан соншалықты алыс болған жоқ.

    Тарихта тұңғыш рет Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының бойтұмары бірдей болады.

    Франция билігі Олимпиаданы өткізу үшін 8 миллиард еуродан астам қаражат бөлуді жоспарлаған.

    Парижде алғаш рет Халықаралық спорттық федерация жеңімпаздарға сыйақы тағайындайды. Мұндай бастаманы әлемдік жеңіл атлетика ұйымы көтеріп отыр. 48 дисциплинаның бірінде жеңіске жеткен әрбір атлет World Athletics тарапынан 50 мың доллар көлемінде сыйақы алады. Эстафетада бұл соманы команданың әрбір қатысушысы өзара бөліп алады.

    Олимпиаданың ашылуы Сена өзенінде өтеді.  Спортшылар шеруі өзен үстінде өтеді. Әрбір делегация жекелеген қайықпен жүзеді.

    Париждегі Олимпиада алауының қазаны Тюильри саябағында орнатылады.  Олимпиаданың алауы 16 сәуірде жағылды.

    Олимпиаданың ашылуы күні Париждегі әуе кеңістігі жабылады.

    Париждегі Олимпиада алауының  қазаны Тюильри саябағында орнатылады.

    Жарысқа билетті адам қолынан сатып алуға болмайды. Ресми түрде спорттық жарысқа кіру үшін арнайы сайттарды қолданасыз.

    Ойынды ұйымдастыру ісіне 44 мың ерікті тартылған. Бар әлемнен 26 мың журналист аккредитация алған.

    Олимпиялық ауыл 2021 жылдан бері соғылды.

    Олимпиялық ауылды 2024 жылғы ойындардың басталуына бес ай қалғанда ашты.

    Парижде 6 100 көше бар. Оның ең кішкентайы 5 метрден сәл асады.

    Ашылу және жабылу салтанатының көркемдік жетекшісі – Томас Джолли.

    Ойынның ашылу салтанаты Сена өзенінде өтсе, жабылу салтанаты «Стад де Франс» стадионында жоспарланған.

    Гандбол мен садақ атудан жарыстар Олимпиада ашылуына бірнеше күн қалғанда басталады.

    Алғашқы жүлделер 27 шілдеде сарапқа салынады.

    Олимпиаданың соңғы жарыс күнінде тоғыз спорт түрінің өкілдері жүлдеге таласады. Спортшылар 329 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

    Жабылу салтанатында эстафетаны АҚШ-қа жолдайды. 2028 жылғы жазғы Олимпиада Лос-Анджелесте өтеді.

    2024 жылғы Олимпиада ойындарының ұраны — «Кеңінен ашық Ойындар».

    Қазақстан атынан ең алғашқы лицензияны велоспорттан 2023 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында жеңіп алды. Қазір Қазақстанда спорттың 12 түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.32-жолдаманы жақында Нидерландтың Роттердам қаласында 42,1 шақырымға жүгіруден (марафон) өткен жарыста Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартып, жеңіп алды. Ол 2 сағат 26 минут 42 секунд жүгіріп, мәреге төртінші болып жетті.

    30 жастағы Жанна Мамажанова екінші рет Олимпиадаға қатысатын алғашқы марафоншы болып отыр.

    Еліміз тәуелсіздік алған кезден бері биылғы додаға дейін 7 жазғы Олимпиадаға қатысып, 14 алтын, 22 күміс, 35 қола жүлде жеңіп алған.

    Бүгін Астанада «Олимпиадаға 100 күн қалды» атты бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.

    Күннің алғашқы жартысында триатлон саябағында бес шақырымдық бұқаралық жүгіру өтті. Іс-шараның мақсаты – спортшыларды, лицензияға үміткерлерді және елдегі олимпиадалық қозғалысты қолдау.

    Түстен кейін әлемдік аренада Қазақстан спорты үшін серпіліс жасаған спортшылардың тарихы, эмоциялары мен сезімдеріне арналған «Qazaq Olympic Style – өткеннен болашаққа» атты көрме ашылды.

    Көрмеге қойылған экспонаттардың ішінде Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакованың костюмі, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигинаның тарихи спорттық формасы, ел тарихында шаңғы қоссайысыннан Олимпиадаға тұңғыш рет қатысқан Шыңғыс Ракпаровтың спорттық жиынтығы және 1980 жылғы Олимпиадада өнер көрсеткен отандық спортшылардың қолтаңбасы қойылған бірегей кенеп бар.

    Ел бойынша барлық мектепте оқушылар арасында Олимпиялық ойындарға арналған акция басталды. Сондай-ақ шығармашылық және көркемдік байқаулар жарияланды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *